МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ ПОСТТАРЫ ПАЙДА БОЛДЫ
Алғашқы ақпараттық банерлер Орал қаласында орнатылды.

Жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған посттардың ашылу салтанатында республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығының төрағасы Төлеген Байғұлов бұл жобаның мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қоғамдық бақылауды күшейтуге көмектесетіндігін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді сапалы алуға, заманауи цифрлық технологияларды енгізуді қамтамасыз етуге және қызмет көрсету процесінде адами факторларды болдырмайтындығын атап өтті.
«Мемлекеттік органдар өз қызметтерін «жедел және кедергісіз» қағидаты бойынша қайта құруы қажет. Яғни, қазақстандықтар өздерінің сұрақтары мен өтініштерінің жауабын сол күні алуы тиіс. Егер уақытылы ақпарат берілмесе, онда қызмет алушылар ақпараттық постта көрсетілген нөмірлер бойынша жүгіне алады», – деді Төлеген Байғұлов.
Қызмет алушылар мемлекеттік қызметтер сапасыз көрсетілгенде, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан этикалық нормалар бұзылғанда, барлық салада әуре-сарсаңға салынатын және басқа да заңсыз іс-әрекеттер фактілері туралы аудио, бейнежазба және ақпараттық мәтін форматында бөлісе алады. WhatsApp нөмірінен басқа, сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша 1424 кол-орталығының нөмірі арқылы хабарлауға да болады.
Келіп түскен барлық шағымдар республикалық деңгейде қарастырылып егжей-тегжейлі талқыланатын болады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу