8 (7112) 50-86-31
Ғұмар Қараш 33/2, 2-қабат Zhaik_yni@mail.ru

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2019 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны басталды!  Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2019 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны басталды!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2019 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2019 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2019 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

 

 

19 Сәуір 2019 90 0
Қоғам

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ХАЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ «СЕНІМ КӨПІРІНІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы халыққа Жолдауында жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшіні қалыптастыру қажеттігін ерекше атап өтті. Оның өмір стилі «сапа», ал қағидасы – «өзін-өзі жетілдіру» болуы тиіс». Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру 2018 жылғы Мемлекеттік қызметтің жай-күйі туралы Ұлттық баяндамада басты мақсат болып айқындалған. Құжат Мемлекет басшысымен мақұлданды және қазіргі уақытта біз оны іске асыру қолға алынды. Бұл туралы  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Жарқын Тілеукенов мәлімдеп, агенттік қызметінің негізгі нәтижелері және мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру бойынша алда тұрған міндеттеріне тоқталды. 

Бүгінгі таңда Қазақстанның мемлекеттік қызметі тұрақтылығымен және ауысудың төмен деңгейімен ерекшеленеді.Соңғы екі жыл ішінде кадрлардың кету көрсеткіші 6,2%-ды құрайды, ал теріс себептер бойынша ауысу 4,6%-ға қысқарған. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша таза ауысу деңгейі 1,4% құрады (98218-ден 1354). Бұл көрсеткіш соңғы 3 жыл ішінде оң тұрақты болып отыр. (2018 жылғы 1 тоқсан – 1,5%, 2017 жылғы 1 тоқсан – 1,6%). Мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейінің тұрақты көрсеткіші байқалады, оған сәйкес 92%-ның жоғары білімі бар. Бұл ретте, есепті жылы 2017 жылмен салыстырғанда «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының үлесі 13%-ға (2017 жылы 505-тен 2018 жылы 570-ке дейін), Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің үлесі 3%-ға (2017 жылы 740-тан 2018 жылы 760-қа дейін) өсті.

2018 жылы жүргізілген халықтың тәуелсіз әлеуметтік сауалнамасы респонденттердің 60 пайыздан астамы мемлекеттік қызметке қабылданатын адамдардың сапалық құрамын жақсарту және арттыру туралы пікірмен келісетінін көрсеткен. Ал мемлекеттік қызметшілердің 80 пайызы іріктеу процесінің объективтілігіне жоғары баға берді.

– Атап айтқанда, біз әрбір лауазым үшін сараланған үміткерлердің әлеуетін анықтауға баса назар аудара отырып, құзыреттілік бойынша тестілеу бағдарламасын жаңғырттық. Қолданылатын психометриялық құралдар кандидаттардың дұрыс жауаптарының деңгейін анықтайды, оның оң мәні кемінде 50%-ды құрайды. Әңгімелесудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ашықтық тетіктері енгізілді: үміткерлерге конкурсқа қатысуға бақылаушыларды тартуға, бейне, аудио-жазба жүргізуге мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, ашық түрде кандидаттар үшін типтік сұрақтар жарияланды. Меритократия қағидатын нығайту және мемлекеттік қызметке іріктеу сапасын арттыру бойынша қабылданған шаралар үміткерлердің тестілеу өткізу тәртібін бұзуының анықталған әрекеттерінің санын 3,5 есеге арттыруға, және конкурстық іріктеу рәсімдерін бұзу санын іс жүзінде жартысын азайтуға мүмкіндік берді, – деді Жарқын Тілеукенов.

Мемлекеттік қызметке жеке сектордан, оның ішінде үздік шетелдік компанияларда жұмыс тәжірибесі бар немесе әлемнің жетекші университеттерінде білім алған кәсіпқойларды тарту мақсатында Агенттік «тез жалдау» тетігін енгізетін болады. Осы құралды пайдалана отырып, мемлекеттік органдар Президент жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімімен конкурстан тыс негізде тәжірибелі және креативті мамандарды тағайындай алады.

Мемлекеттік қызметшілерді кезектен тыс аттестаттау нәтижелері  министрліктер мен комитеттердің аппараттарында өңірлерде жұмыс тәжірибесі бар кадрлар жеткіліксіз екенін көрсетті. Бұл ретте олардың қызметі өңірлік деңгейде іске асырылатын саясатты әзірлеумен байланысты. Осыған байланысты орталық мемлекеттік органдардың салалық құрылымдық бөлімшелеріне облыстық, аудандық немесе ауылдық деңгейде тәжірибесі бар қызметкерлерді тарту туралы талап заңнамалық түрде бекітілді.

Бұдан басқа, мемлекеттік саясат саласында қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілік сапасы мен деңгейін арттыру мақсатында «орталық-өңір» қағидатымен орын ауыстыру практикасы күшейтілетін болады, яғни жоғары мемлекеттік органдардың қызметкерлері өңірлерге тәжірибе алу үшін бағытталады. Бүгінде өңірден орталыққа қызмет бабымен алға жылжыған мемлекеттік қызметкерлер санының артуының оң үрдісі байқалады. Департамент директоры ұсынған статистикалық мәліметке сүйенсек, 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда 32%-ға өсіп отыр. Яғни, 2017 жылы 5 186 болған болса, 2018 жылы 6 826-ға дейін артқан. Бұл ретте, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында төмен тұрған лауазымдардан жоғары лауазымға ауысқан адамдардың үлесі артты және ішкі конкурстардың қорытындылары бойынша тағайындалған адамдардың жалпы санының 62,7%-ын құрады.

Есепті кезеңде Агенттік мемлекеттік қызметшілердің белгілі бір санаттарын әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсарту бойынша заңнамалық жұмыстарды бастады. Осылайша, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауылдық деңгейдегі атқарушы лауазымдарға таратылады. Бұл жас мемлекеттік қызметкерлерге көтерме жәрдемақы мен жеңілдікті тұрғын үй несиесін алуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Кадрлық ұтқырлықты арттыру мақсатында ротацияланатын қызметшілерге көтерме және тұрғын үй төлемдерін енгізу, сондай-ақ олардың балаларына арналған балабақшаларда орын беру көзделеді.

Қызметшілерді кәсібилендірудің ажырамас бөлігі Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен оның филиалдары базасында қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесі. Президенттің тапсырмасын орындау үшін саяси қызметшілерге арналған «жаңа формация басшысы» бағдарламасы және «А» корпусының лауазымына тағайындалғандарға арналған арнайы қайта даярлау курстары дайындалған. Өткен жылы магистратураның жаңа практикалық-бағытталған бағдарламалары іске қосылды. 2018 жылы жобалық менеджментке 5 000-ға жуық қызметкер оқытылды, ал ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 3 мыңнан астам мемлекеттік қызметші қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өткен.

Агенттік үшін өткен және ағымдағы жылы да негізгі міндет – бірқатар мемлекеттік органдар мен өңірлерде пилоттық режимде жүргізілетін еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесінің тиімділігін зерделеу. Президент Әкімшілігінің жанынан құрылған жұмыс тобы пилоттық жобаны одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірледі, мемлекеттік органдар жаңа жүйе бойынша төлемді қаржыландыру көздерін айқындауды жалғастыруда.

– Қазірдің өзінде бюджетке түсетін жүктемені азайту жолдары белгіленді. Бірінші дереккөз – мемлекеттік мүлікті тиімді және ұтымды пайдалану. Екінші дереккөз – ведомстволық бағынысты ұйымдарды оңтайландыру. Бұл жұмыстар Үкімет бекіткен Мемлекеттік органдардың штаттық саны мен шығыстарын оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілетін болады, – деп толықтырды Ж.Тілеукенов.

Агенттіктің келесі басым міндеті – мемлекеттік қызметшілердің еңбек тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың қызметінде бизнес-процестерді жетілдіру. Бірінші кезекте, қайталанатын функцияларды алып тастау, басқару буындарын қысқарту, жекелеген бөлімшелерді орталықтандыру тұрғысынан басқару құрылымдары қайта қаралмақ. 2018 жылы үш әкімдікті трансформациялау жүргізілген болатын. Оның барысында басқармалар, басшылық құрам саны қысқартылды, персоналды басқарудың бірыңғай қызметтері құрылды.

Бұл шаралар елорда әкімдігіне шамамен 22,5 млрд. теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді, Ақмола облысында басшылық лауазымдар мен атқарушы қызметтердің арақатынасы екі есе қысқарды, Алматы қаласының әкімдігінде персоналды басқарудың орталықтандырылған қызметі құрылды және 6 басқарма таратылды. Бірыңғай процестерді орталықтандыру және автоматтандыру мемлекеттік органдарды кертартпа жұмыстан арылтып, олардың әлеуетін стратегиялық міндеттерге шоғырландыруға мүмкіндік берді.

Cондай-ақ спикер «Қызметтер үшін адам емес», «қызметтер адамға арналған» қағидаты бойынша сервистік мемлекетті құруға көшу арқылы халыққа қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін алға тартты. Бүгінгі күні бюджеттен қаржыландырылатын белгілі бір жұмыс түрлері, атап айтқанда жолдарды жөндеу, көшелерді тазалау, жылу, электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және т.б. халықтың өмір сүру сапасына айтарлықтай әсер етеді, бірақ оларда «мемлекеттік қызметтер» мәртебесі жоқ. Осыған байланысты, ағымдағы жылы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңды тұжырымдамалық қайта қарау, сондай-ақ «қоғамдық маңызы бар қызметтер» ұғымын енгізу ұсынылады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен халық арасындағы «сенім көпірінің» құрылысы Нұр-Сұлтан қаласындағы 109 және 112 қызметтерінің мысалы бойынша фронт-кеңселер мен жедел әрекет ету жүйелерін құру жолымен жалғасатын болады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өзек
12 ЖАСАР БАЛА СУДА КӨЗ ЖҰМДЫ
19 Мамыр 2019
47 0
Қалалықтар қаперіне
МУЗЕЙДЕ ӨТЕТІН ШАРАЛАРДЫҢ КУӘСІ БОЛЫҢЫЗ
18 Мамыр 2019
39 0
Қоғам
ТЕГІН ДҮКЕН АШЫЛДЫ
17 Мамыр 2019
77 0
Қоғам
ЖЫЛЫЖАЙ ІСІН ЖОЛҒА ҚОЙҒАН
16 Мамыр 2019
49 0
Қоғам
ЖАРАСТЫҚ ОРНАҒАН ШАҢЫРАҚ
16 Мамыр 2019
38 0
Қоғам
Жеке мүлкіңе мұқият бол
16 Мамыр 2019
10 0
Қалалықтар қаперіне
ҚҰЛАҚҚАҒЫС!
16 Мамыр 2019
31 0
Қоғам
ӨМІРІ ЖАРҚЫН КАЛЕЙДОСКОП
15 Мамыр 2019
45 0
Мәслихат жаршысы
ҚАЛА БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ
15 Мамыр 2019
71 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»