Мемлекет басшысы 2019 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық баяндамамен танысты
Жыл сайынғы баяндама Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №154 Жарлығына сәйкес ұсынылады.

Аталған баяндама Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру нәтижелері туралы қоғамды хабардар ету үшін қалыптастырылады. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор мен қоғамдық ұйымдар жұмысының қорытындылары баяндалды.
Бірінші тарау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің стратегиялық бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.
Екінші тарау халықаралық және қазақстандық рейтингтер мен зерттеулерге негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы еліміздің ілгерілеуін талдаудан құралған.
Үшінші тарауда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Сондай-ақ, жаңғыртылған моделі озық әлемдік тәжірибеге сүйене отырып қалыптастырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегі құрылымдық өзгерістер сипатталады.
Төртінші тарауда Агенттіктің жобалары мен акциялары, қабылданған заңнамалық бастамалар, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою туралы айтылған. Бұл жерде статистикалық деректер мен көрсеткіштерде көрсетілген мекеме қызметінің нақты нәтижелері көрсетілген.
Бесінші тарауда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық бастамаларға қатысуы туралы ақпарат ұсынылған. Атап айтқанда, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО) ұсынымдарының орындалуы туралы айтылған.
Алтыншы тарау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жетілдіруге бағытталған Агенттіктің тұжырымдары мен ұсыныстарын қамтиды. Атап айтқанда, олар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғау жүйесіне, «сыбайлас жемқорлық» ұғымын жеке секторға тарату, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу бойынша бірыңғай заңды қабылдау мәселелеріне қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Transparency International халықаралық зерттеу қорытындысы бойынша 2019 жылы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі Қазақстан тәуелсіздігінің тарихында тұңғыш рет бірден 3 баллға көтеріліп, 34 баллдық тарихи максимумға жетті (2016 ж. – 29 балл, 2017 ж. және 2018 ж. – 31). Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі біздің еліміздің ұстанымы бір жылдың ішінде 124-тен 113-ші орынға дейін жақсарды.
Дүниежүзілік Банк рейтингінің «Сыбайлас жемқорлықты бақылау индексі» индикаторы бойынша (19-дан 36%-ға дейін), сондай-ақ Doing Business рейтингтерінде (28-ден 25-орынға дейін) және IMD бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері жақсарды.
Баяндаманың толық мәтіні сілтеме бойынша қолжетімді:
https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/33552?lang=kk
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу