МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫН ТАЛАН-ТАРАЖҒА САЛҒАН
Орал қаласында кәсіпорын басшысы мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген 143 млн. теңгеден астам қаражатты жымқырған. Ол «Марасант» және «Бірлік» құрылыс компанияларының директоры және құрылтайшысы Аманжол Көнеев. Бұл фирмалар Мемлекеттік сатып алуға қатыса отырып, мемлекет қаржысын қолды қылған.
«Марасант» және «Бірлік» құрылыс компанияларының директоры Аманжол Көнеев ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы және 245-баптың 3 бөлімімен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынған. Айыпты мемлекеттік сатып алуларға қатыса отырып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді салуға бөлінген 143 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. «Сондай-ақ, айыпталушы 2017-2018 жылдар аралығында 1,5 млрд. теңгеден астам сомаға салықтарды төлеуден жалтарған.
Айыптының қорғаушысы З.Вагапов Аманжол Көнеевтің қамауға алынғанын растады. Адвокат Закир Вагаповтың айтуынша, тергеу амалдары шамамен 10 айдан бері жүргізілуде. Қазір айыпты Ру 170/1 мекемесінде отыр. Дегенен, адвокат «ол заң аясында барлық талаптарды орындап отыр, сотқа дейін қамауға алынбауы тиіс» деп есептейді.
Айта кету керек, біреудің мүлкін ұрлау немесе иемдену бабының санкциясы – 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Айнара ИСА, zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу