8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 1760 0
Қоғам

«Меломен» тобы: «Киноның басты рөлінде ойнаймыз»

Өнерсүйер тыңдарманға «О махаббат», «Арман шағала», «Келеді кездескім» әндерімен танылған «Меломен» тобы «Қазақконцертпен» бірге Орал өңіріне келген болатын. Осы сәтте шұғыл сұхбаттасудың сәті түсті. Он жылдан бері өнер сахнасында қалықтап, биік белестерді бағындырған әнші жігіттер таяу арада киноға түсетіндерін жеткізді. 

 –  Оралға бұдан 3-4 жыл бұрын өнерде жүрген аға-әпкелерімізге ілесіп келген едік. Биыл киелі шаңырақ «Қазақконцерт» ұжымымен бірге жолымыз түсті. Алтынбек ағамызбен бірге Қаратөбе, Теректі, Сырым аудандарында болдық. Бізді халық ерекше ықыласпен қарсы алды. Әсіресе, қаратөбелік   көрерменнің ықыласы ерекше болды. Залда ине шаншар жер болмады. Атақты Ғарифолла туған топырақ қой! Содан шығар, қарапайым жұртшылықтың мәдениеті көріп сүйсіндік. Өнерді түсініп, бағалай білетін киелі өңір екенін анық аңғартты.

 – Осы топтан жыл басында Жігердің  кеткенін естідік. Сол кезде араларыңызда түсініспеушілік, реніш болғаны рас па? Қазіргі қарым-қатынастарыңыз қалай, түзелді ме? Жігермен араласып тұрасыздар ма? 
–  Әрине. Жігер өзі жеке әнші болып кетті. Арамыз суыған емес.  Барлығы жақсы. Сәлеміміз түзу.

 – Енді оның орнына басқа өнерпаз келуі мүмкін бе? 
– Жоқ. Біз әрі қарай жұмысымызды трио ретінде жалғастыратын боламыз. Бұл үшеуміздің ортақ шешіміміз.

 – Киноға да түсіп үлгерген екенсіңдер. Алдағы уақытта тағы қандай фильмдерден көреміз? 
– Жақын күндері продюсеріміз Бауыржан Есебаевтың бастамасымен «Сені ойласам…» атты сегіз сериялы фильм түсірілмек. Сол кинода үшеуміз де басты рөлде ойнайтын боламыз.

  • Бәрекелді Киноға түсіп жүргенде ән жазуды да ұмытпаған шығарсыңдар?  
  • Ұмытқан жоқпыз. Негізгі шығармашылық жұмысымыз ән шырқап, көрерменнің жүрегіне жол табу ғой. Жақында  Бауыржан Есебаевтың сөзі мен әніне жазылған «Тек мені сүй» атты су жаңа әніміз жарыққа шықты. Осы әнге арнайы бейнебаян түсірілді. Осы арада клипмейкер Жеңісханның еңбегі зор. Қазір монтаждау үстінде. Бұл бейнебаян мамыр айының соңында барлық телеарналардан көрсетіледі. Алдағы уақытта Бауыржан ағамыздың  басқа да  әндерін өмірге әкелуді жоспарлап отырмыз.

 – Әндеріңіздің басым бөлігі лирикалық бағытта екен. Топ үшін әнді кім таңдайды?
– Продюсерімізбен бірге таңдаймыз. «Меломеннің» қалыптасқан өз стилі бар. Ол бізді өзге әншілерден ерекшелендіріп тұрады. Сүйіп тыңдайтын тыңдарманымыз бар. Көрерменімізді жоғалтпауға тырысамыз. Бұған қоса,  діни бағыттағы және балаларға арналған тақырыпта, патриоттық әндеріміз көп.

Эльмира НҰҒМАНОВА,
«Жайық үні»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
66 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
74 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
479 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
620 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
654 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
930 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
942 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1066 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1367 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1461 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1489 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1697 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1969 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2190 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
2239 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»