МЕКТЕПКЕ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Биылдан бастап жеке мектептерді қаржыландыру көзделген. Мектепке автоматты түрде қабылдау жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Асан Нарымбаев айтып берді.

– Өткен жылы «Мемлекеттік білім тапсырысын іске асыру» бағдарламасы бойынша 40 жеке балабақша 3460 балаға 674362 мың теңге мемлекеттік білім тапсырысын алды. Бекітілген бюджетке сай бір тәрбиеленушіге 19354 теңгеден қаражат бөлінді. 2018 жылдың соңына дейін жеке мектепке дейінгі ұйымдар айырмашылығы 76728 мың теңге құрап отыр. Бюджеттен қосымша қаражаттың бөлінбеуіне байланысты осы қажетті қаражат берілген жоқ. 2019 жылы «Мемлекеттік білім тапсырысын іске асыру» бағдарламасы бойынша 3460 балаға 40 жеке мектепке дейінгі ұйымдарға 435700 мың теңге бөлініп отыр. 2017 жылғы наурызда қалалық мәслихат депутаттарының шешімімен «Мектепке дейінгі ұйымдардың қызмет үдерістерін автоматтандыру» жобасын жүзеге асыруға 15 000 мың теңге бөлінді. Http: //garden.bilim-oral.gov.kz сайтында мектепке дейінгі мекеме туралы ақпаратты алуға, балабақшаға жолдама беріп, айырбастау орындарын табуға, тапсырысты табуға, қолжетімділікке қол жеткізуге мүмкіндік бар. Жүйе жыл бойы жұмыс істейді. Орал қаласының білім беру бөліміне қала мектептерінің бірінші сыныпқа және шағын орталықтарына автоматтандырылған қабылдау жүйесін енгізу үшін биылғы жылға жалпы сомасы 19 758 мың теңге бөлінді. Орал қаласындағы 51 мектепте «Kundelik» электронды журналдар мен күнделіктер жүйесі енгізілді. Қаланың 49 мектебі «Bilimland» порталында «Imektep» және «Itest» ресурстары онлайн режимінде және №18, 29 мектептер оффлайн режимінде жұмыс істейді, онда оқу процесінде қолдануға арналған түрлі бейнелер мен көрнекі құралдар бар. Бұл мақсатқа 9120 мың теңге бөлінді. Қаланың 51 мектебі 4 Мбит/с-ден астам кең жолақты интернет желісіне қосылды. 2018 жылы жалпы сомасы 49125 мың теңге бөлінді. Кең жолақты интернет желісімен мектептердің 98% қамтамасыз етілді. Ал биыл 47376 мың теңге қарастырылды. Қаладағы 48 мектепті техникалық инфрақұрылыммен (интерактивті тақта, проектор, компьютер) жабдықтау үшін 2018 жылы 119 040 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда қалалық мектептердің дербес компьютерлермен қамтамасыз етілуі 60%-ды құрайды. Қаладағы 49 мектеп Wi-Fi желісіне қосылған. Тек №18 және №29 мектептерге Wi-Fi желісін қосу үшін техникалық мүмкіндік болмай отыр, – дейді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Асан Маратұлы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу