8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Тамыз 2019 2690 0
Қоғам

«МЕКТЕП ӨМІРІНЕ БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ОЗЫҚ ИДЕЯЛАРЫ КЕРЕК»

                  Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиелеу мен оқыту процесінің сапасын арттыру керек.  Ең бастапқы буын болғандықтан мектепке дейінгі білім берудің сапасы білім беру нәтижелерінің шынайы сәйкестік деңгейін көрсетуі қажет.  Орал қаласы бойынша барлығы 50 мемлекеттік, 50 жеке мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды.Тәрбиелеу – оқыту үрдісінде мемлекеттік пен жеке мектепке дейінгі ұйымдарының әдістемелік жұмысын қатар көруге болады. Дегенмен, жеке балабақшаларда бірқатар жүйелі проблемалар бар. Жалақының төмендігінен тәрбиешілердің тұрақтамауы, кезектері келгенде балалардың мемлекеттік балабақшаға ауысып кетуі, мамандардың арнаулы білімінің жоқтығы белең алып отыр. Бұл туралы бүгін қалалық білім беру бөлімінің басшысы Асан Нарымбаевтың жүргізуімен өткен «Келешекке – кемел біліммен!» тақырыбындағы  Орал қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесінде айтылды.

Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен келелі басқосуға қала әкімі Абат Шыныбеков, облыстық білім басқармасының басшысы Айымгүл Тржанова, ардагер ұстаздар, білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

– Жаңа оқу жылы қарсаңындағы дәстүрлі тамыз кеңесі білім берудің аса маңызды мәселелерін талқылап, мәнін ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі реформалар оқу мазмұнын жаңартуға және тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен республикалық тамыз кеңесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласындағы өткір мәселелерге тоқталып, шешудің жолдарын белгілеп берді.  Қалалық білім беру саласында осы мәселелерді оңтайландыру бағытында жасалып жатқан шаралар аз емес. Басты бағдар ретінде төмендегі мәселелерге назар аудартқым келеді.  Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиелеу мен оқыту процесінің сапасын арттыру керек.  Былай қарап отырсақ, жеке балабақшалар мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдармен тең мемлекеттік тапсырыс арқылы қаражат алуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бөлінген мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдалануын қадағалау үшін азаматтық қоғам институттарын тарта отыра, мониторингтік жұмыс топтарын құру қажет. Мониторинг жұмысының нәтижелерін халық арасында кеңінен жариялау керек. Жеке балабақшаларда балалардың күнделікті келіп-кетуі қадағалануы тиіс. Осы орайда, биометриялық технологиясын енгізу бағытында жұмыстанып, балалардың қатысуы автоматты түрде бақылануы қажет. Электрондық әлеуметтік жүйені пайдалана отырып, білім саласында: мектепке дейінгі ұйымдар, мектеп, мұғалім арасында конкурстардың санын көбейтіп, онлайн дауыс беру арқылы ашықтыққа шығу. Екіншіден, жалпы орта білім беруді әрі қарай жетілдіру. Бұл орайдағы ең басты мақсат – мектептерде білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Соңғы жылдары қаланың шағын аудандарында бала санының өсуі, урбанизация үдерісі мектеп оқушыларының үш ауысымда білім алу мәселесін тудыруда. Атап айтсақ, қала бойынша 5 мектеп: №18, №10, №20, №47 және эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясы. Осы орайда бірінші кезекте Зашағанда жаңа мектептерді салуды қолға алдық. Соның бірі, биыл «Сарытау» шағын ауданында №50 мектеп ашылса, 900 орындық №51 мектептің құрылысы басталды. Бұл әрине, үш ауысымдағы мектептердің мәселесін шешуге ықпалын тигізеді. Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Осы мақсатта алғаш рет биылғы оқу жылы қыркүйектен бастап қалалық мектеп оқушылары арасында «Ұлттық мектеп лигасы» жарыстарын өткізуді тапсырамын. 9-11 сынып оқушыларын қамти отыра, футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, үстел теннисі секілді бұқаралық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастыруды қолға алу керек. Оқушылардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында шет елдердің іс-тәжірибесін ескере отырып, коммуникативтік орталықтар ашу қажет. Сонымен бірге Мемлекет басшысының бастамасына сәйкес, 2020 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175-жылдығын жоғары деңгейде атап өтуіміз қажет. Осыған орай, қалалық білім беру бөлімі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен барлық оқу орындарын қамти отыра ауқымды іс-шаралар жоспарын жасақтауы қажет. Кәсіби бағдар беру жұмыстарын жандандыру қажет.  Мұғалімдердің кәсіби өсуін зерделеу керек, – деді жиында сөз алған қала әкімі Абат Шыныбеков.

Шаһар басшысының айтуынша, мектеп өміріне жаңа леп әкелетін, белсендік танытатын, білім мен құлшынысқа толы жастардың озық идеялары керек. Жас мамандардың мектепке орналасуы жылдан-жылға артуда.  Өткен оқу жылында 127 жас маманмен қамтылса, ал биылғы оқу жылында 130-дай маман мектептерге орналасқан. Жалпы білім беретін мектептер мен инновациялық мектептердің білімін қатар қоюға болмайды. Соңғы кезде лицей, гимназиялардың білім сапасының бір деңгейде болуы ойландыратын жағдай. Бүгінде қаладағы 10 мектепті, 15 мектепке дейінгі ұйымды, кешкі мектепті күрделі жөндеу, жаңа мектептер құрылысын жүргізу, жеке мектептер желісін кеңейту, мемлекеттік стандарттарға сай мектептерді құрал-жабдықтармен қамту, мектептерді турникеттермен қамтамасыз ету, қосымша асханаларға бейнебақылау қондырғысын орнату мақсатында қаржы қарастыру жоспарда тұр. Білім саласы қызметкерлерін жаңа оқу жылымен құттықтаған облыстық білім басқармасының басшысы Айымгүл Тржанова Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың республикалық тамыз кеңесінде жүктеген міндеттерін басшылыққа алып, жаңа ұрпақты тәрбиелеудегі мұғалімнің рөліне тоқталып, жаңа оқу жылындағы басты жаңалық – Педагог мәртебесі туралы заң қабылданып және 2025 жылға дейінгі білім мен ғылымның жаңа мемлекеттік бағдарламасын бекітілетінін жеткізді.

Жиында «STEAM-нің жаңа қырлары:  білімді жаңғыртудың 10 жолы» тақырыбында R4 Technology & Research Center орталығының директоры  Айдын Түсіпжанов, «Мұғалімдердің кәсіби дамуы  – Не? Қайда? Қашан?» тақырыбында «USTAZ PLC» кәсіби даму орталығының академиялық директоры Нұрлан Иманғалиев, «Влияние цифровой грамотности на деятельность и эффективность  учителей…» тақырыбында «USTAZ PLC» кәсіби даму орталығының тренері Асхат Хамидуллин баяндама жасап, тәжірибелерін ортаға салса,  «Zhasproject» жастар корпусының даму жобасы туралы  аталмыш  әлеуметтік жобаның менеджері Әділет Берікқалиев ой бөлісті.  Конференция барысында бір топ ұстаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының, қала әкімінің, Кәсіподақ ұйымының, қалалық  білім беру бөлімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын иеленді.

 

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

Айдын ТҮСІПЖАНОВ, R4 Technology & Research Center орталығының директоры:  

–  Оралға алғашқы келуіміз. Біздің компания білім саласына IT шешімдерді енгізуде. Қазіргі таңда STEAM білім беру жүйесімен айналысамыз. Бұл жүйені Қазақстанға енгізудің екі жолы бар. Бірі – лаборатория түрінде, екінші – әдістеме. Жүйені егжей-тегжейлі зерттедік. 21 ғасырдың дағдылары, бұл шығармашылық, сыни тұрғыдан ойлау, топпен жұмыс істеу және коммуникация.  Ұсынып отырған әдістемеміз – STEAM-ді элементтер қосу. Төрт дағдымен кіріктіріп, жаңатылған бағдарламаға қалай енгізуге болатыны тұрғысында жұмыстанудамыз. Барлық мектеп қолдануларына болады.

 

Нұрлан ИМАНҒАЛИЕВ,  «USTAZ PLC» кәсіби жетілдіру орталығының академиялық директоры:

–    Бүгінгі таңда Педагог статусы туралы көп айтылып жүр. Бірақ оған қалай жетеміз, қандай жолмен жетеміз? Нақты жол картасы жоқ. Осы орайда біздің мақсатымыз – шетелдік тәжірибені қолданып, жол картасын дайындау. Мұғалімнің шеберлігі, мотивациясы, сабақ беру өнері бағыттарын анықтап, әр бағытта жеке-жеке дамыту әдістемесін ұсынамыз. Мәселен, бағалау жүйесі бөлек бір ғылым. Бізде бұл әшейін көшпен келе жатыр. Әр мұғалім бағалау ғылымында өзінше жетілуі керек. Осындай 10 бағытымыз бар. Жергілікті атқарушы органдар әр мұғалімнің деңгейін өлшеп, қалай дамытуы керек, біз осы бағытта көмектесеміз. Орталық бес жылдан бері осы әдістемені енгізуде.

 

Асхат ХАМИДУЛЛИН, «USTAZ PLC» кәсіби даму орталығының тренері:

 

– Бұрын мұғалімнің сайт жасақтау үшін біраз уақыт жұмсауы қажет болса, қазір маңызды болған сайттарды алып, санаулы минуттарда сайтты құрастыруға болады. Бұрын мұғалім тестті қорытындылауға ұзақ уақытын сарп етсе, қазір жаңа бағдарлама арқылы тестіні аз уақыт ішінде тексеріп шығуға болады. Бағдарлама барлық нәтижені шығарып бере алады. Мұндай мысалдар көп. Ұстаздар үнемі ізденісте болуы керек. Технология – заманның талабы.  Егер сырт қалсаңыз, өміріңіз қиындайды. Сыныптағы балалар технология тілін қабылдайды. Соған жақын мұғалімдерді іздейді. Біздің мұғалімдер оған дайын ба? Еліміздің әр өңіріне барып, шамамен екі-үш мың мұғалімді оқытқан болдық. Қазіргі мұғалімдердің деңгейі проекторды қосу мен слайдты қоюдан аспайды. Одан артық нәрсені істеу қиын оларға. Ащы да болса, шындық. Бір мәселе туындаса, оқушылардан сұрайды. Мұғалім оқушының деңгейіне түссе, бала оған қызыға ала ма? Мұғалім бір нәрсе талап ете ала ма? Сондықтан педагогтардың сауаттылығын арттырып, жолдар көрсетіп, мотивация беруіміз қажет. Осындай ресурстар бар екенін көрсетіп, алға итермелеуіміз қажет. Технология мұғалімнің орнын баса ала ма? Меніңше, жоқ. Өйткені ұстаздың ерекше рөлі мотиватор. Балаларға бағыттаушы бола алады. Бірақ, ғалымдардың пікірінше, технология қолдана алмайтын мұғалімдердің орнына, технология тілін жетік меңгерген адам келеді. Сондықтан жоғары деңгейде екенімізді көрсете білейік.

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
227 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
264 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
426 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
617 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
862 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
940 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1047 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1053 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1080 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1092 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1198 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1412 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1730 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1612 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1722 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1712 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1842 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1889 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1831 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1842 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»