«МЕКТЕП ӘЛЕМІН ӨЗГЕРТЕТІН ҰСТАЗДАР»
Елордада Қазақстанның ең үздік педагогтарының басын қосқан «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» атты XI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мәресіне жетті. Екі күн бойы отандық және 17 шет мемлекеттен келген кәсіби сарапшылар өз тәжірибесімен бөлісті. Әлемдік білім беру саласындағы озық технологиялар мен келелі мәселелер талқыланды.

Жер шарындағы барлық педагогтарды толғандыратын проблемалар: мұғалім мен оқушы серіктестігі, жаһандық құзыреттілік, педагогтардың үздіксіз білім алуы, білім мазмұны мен бағалау, қолайлы білім беру ортасын құру, эмоционалды зияткерлікті дамыту сынды басқа да өзекті мәселелер күн тәртібіне шығарылды.
Конференция тарихында тұңғыш рет балаларға арналған шеберлік сыныбы ұйымдастырылып, оған елордалық Зияткерлік мектептердің оқушылары қатысты. Калифорниялық колледждің оқытушысы Дана Шерри ертегілерді талдау арқылы жас тыңдаушылардың ойлау дағдысын арттырды.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұстаздары, жалпы білім беру ұйымдарының оқытушылары және педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері дайындаған 80-нен астам постер көпшілік назарына ұсынылды.
– Осымен екінші рет аталған конференцияға қатысудамын. «Пән мен тілді кіріктіріп оқытуды жүзеге асыруда пән мен тіл мұғалімдерінің бірлесіп сабақ жоспарлауы: бірлесіп оқыту және кәсіби даму» тақырыбындағы баяндамасымен «Үздік презентация» аталымына ие болдық. Жалпы зерттеу мәдениетінің қалыптасып, әріптестердің зерттеу нәтижесін талдауға баса назар аударып келе жатқаны қуантады. Осындай конференциядан ұстаздардың алары мол, – дейді Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Бақтыгүл Сегізбаева.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова білім беру саласында болып жатқан өзгерістерге конструктивті сараптама жасауға шақырды:
– Орта білім беру қандай болу керек? Бұл сұрақтың жауабын әлемнің барлық дерлік мемлекеттері іздеуде. Мәселе көптеген пікірталас алаңдарында талқыланды. Менің нақты білетінім – әлемді жақсы жағына өзгертетін адам болса, ол – мұғалім.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу