МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІН МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДА ӨТКІЗУДІ ҰСЫНДЫ
ҚР БҒМ мектеп бітіру кешін мектеп қабырғасында өткізуді ұсынды, – деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
«Оқу жылының аяқталуына орай, оқушылар мен ата-аналарды мектеп бітіру кешін өткізудің форматы алаңдатады. Сонымен қатар, ата-аналар комитетінің ақша жинайтындығы туралы хабарлама жиі түседі. Ол көптеген ата-ана үшін отбасылық бюджетке салмақ салатыны анық. Мұндай хабарламаларға жауап ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі өз тарапынан мектеп бітіру кешін ақшаны үнемдеу үшін кафе, ресторандарда емес, мектеп қабырғасында өткізуді ұсынды. Сондай-ақ, министрлік мектеп бітіру кешінің мақсатын сәнді киімдер мен мол дастарханды көрсету емес, шын жүректен, жақсы ұйымдастырылған шара ретінде балалардың, мұғалімдер мен ата-аналардың есінде қаларлық мектепішілік жиын деп есептейді», – делінген таратылған хабарламада.
Сондай-ақ мектеп бітірушілер кешінің форматы туралы да айтылды. «Мектеп бітіру кешінің форматы қымбат әрі сән-салтанатқа толы кеш болмауы керек. Жылдар бойы тұлғаны қалыптастыруда талмай еңбек еткен педагогтар мен ата-аналар және бүгін мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, үлкен өмірге қадам басып жатқан кештің басты кейіпкерлері – түлектер арасындағы жылы диалог түрінде өткені абзал. Аталған кеште оқуда озат, жетістікке жеткен, мектеп, аудан, қала, облыс, республикалық, халықаралық деңгейдегі спорттық, интеллектуалдық жарыстарда жеңімпаз болған, мектептің қоғамдық өміріне белсенді атсалысқан балаларды құрметпен атап өту – орынды. Түлектер мектеп бітіру кешін педагогтардың көмегімен креативті бағдарлама дайындап, ата-аналарына, сүйікті ұстаздарына және жанына жақын сыныптастарына алғыстарын білдіретін мағыналы әрі қызықты форматта ұйымдастыруына болады».
BAQ.KZ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу