8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Тамыз 2019 1582 0
Қоғам

МЕКЕМЕ МАМАНДАРЫ СӨЗ САЙЫСТЫРДЫ

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының үлкен залында «Жақсы сөз – жанның тынысы» атты мекемелер мен кәсіпорындар арасында облыстық сөз сайысы байқауын ұйымдастырды. Бұл шараға 5 мекемеден құралған 5 топ қатысты.

Байқаудың мақсаты – қоғамның әр саласында қызмет етіп жүрген мамандарды ынталандыру, тілдерді жетік меңгерген қабілетті мамандарды анықтау және қолдау. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, мекемелер мен кәсіпорындар арасындағы  мемлекеттік тілді меңгерген қызметкерлердің санын арттыру, қазақстандық патриотизмді дамыту, рухани құндылықтарымызды насихаттау.

Алғашқы таныстыру бөлімінде әр топ өз мекемесін таныстырып, оны қысқаметражды бейнеролик немесе презентация түрінде қорғады.

Екінші бөлім – «Sen de – bir kirpish, dúnɪege…» деп аталды. Қатысушылар латын графикасы бойынша эссе жазады. Эссе тақырыбында Қазақстандағы қазіргі саяси-әлеуметтік өзекті мәселелерді қамтып, рухани жаңғыру мәселесі сөз болды.

Үшінші «Өнерліге өріс кең» кезеңінде әр топ өз өнерлерін (Ән, күй, би, көркем сөз оқу және  т.б)  ортаға салды.

Төртінші бағыт – «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деп аталып, мақал-мәтел айту, жағдаяттық мәселе бойынша топтар арасында пікір алмасып, сұраққа жауап берді. Жағдаяттық тапсырмаларда қазіргі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» т.б. тақырыптар төңірегінде ой толғады. Ұсыныс-пікірлер айтылды.

Байқауда айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ш. Қыдырниязова, ақын, жұбантанушы ұстаз Ү.Елеубаева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Мәдениет және өнер факультетінің деканы, PhD философия докторы – Қ.Қажимова , Орал қалалық №40 ЖББОМ қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі – А.Сабыр, аға оқытушы, философия докторы – А.Ақболат қазылар алқасының мүшесі ретінде үміткерлердің тіл біліктілігі, тіл мәдениетін, білімдері мен өнерлерін бағалады.

Жалпы қорытынды бойынша Бас жүлдені – Орал қаласының Полиция басқармасының «Оралдың  айбынды сақшылары» тобы қанжығасына байлады.

Бірінші орынды – Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы атынан келген «Жалынды жастар» тобы, екінші орынды – Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті РУ-170/1 мекемесінің «Тіл сақшылары» тобы, үшінші орынды «Жайық Пресс» ЖШС-ның «Qalamger» тобы иемденді. Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Аманат» тобына белсене қатысқаны үшін арнайы алғыс хат табыс етілді.

Барлық командалар ақшалай сертификаттармен мараппатталып, жүлделі орын алған командаларға статуеткалар мен дипломдар табысталды.

                     Фотосуреттерді түсірген Рафхат Халелов

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
83 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
263 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
303 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
580 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
592 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
718 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1020 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1112 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1139 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1351 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1621 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1846 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1886 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2032 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2231 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»