8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Қараша 2019 1502 0
Қоғам

МЕЙРАМБЕК ӘБДРАХМАНОВ: «ІЗГІЛІККЕ НЕГІЗДЕЛМЕГЕН ІС ІЛГЕРІ ЖҮРМЕЙДІ»

 Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында ІІІ республикалық имамдар форумы өтті. Форумда діни қызметкерлердің лауазымдар тізілімі мен атқаратын діни рәсімдері айқындалды. Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани тұғырнамасы қабылданды. Бас қалада өткен имамдар форумының ерекшелігі, қабылданған жаңа құжаттардың өзектілігі туралы осы форумға қатысып келген Тәжиден Батырұлы атындағы мешіттің бас имамы Мейрамбек Әбдрахмановпен сұқбаттасқан едік.

 

–  Мейрамбек Ақылбекұлы, алдымен үшінші мәрте ұйымдастырылған республикалық имамдар форумының мән-маңызы, ерекшелігі туралы айтып берсеңіз.  

–  Адам бойындағы рухани қазықтың негізі – дінде. Құндылық сақталған жерде бірлік бекем болады. Биылғы форумда осы мәселеге ерекше назар аударылды. Ғалымдар, депутаттар, белгілі теологтар мен еліміздің әр аймағынан келген имамдардың қатысуымен өткен жиынды ашқан ҚР Президент әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов «Тұрақтылықты сақтау, халықты бірлікке жұмылдыру – ортақ мақсат» деп, парасаттылық, адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерді халықтың санасына сіңіру абыройлы миссия екенін жеткізсе, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы «Біздің басты құндылығымыз – елдің амандығы мен жердің тыныштығы, бірлігі мен бейбітшілігі» деп атап өтті.

Тіршіліктің құлшылықсыз, ал құлшылықтың тіршіліксіз мәні болмайтыны секілді, адамның өмір сүру салты мың құбылған мына заманда рухани құндылықтардың маңызы күн санап артуда. Үшінші имамдар форумына «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» тақырыбын арқау етіп алынуы да сол себепті. Форум «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани тұғырнамасы, «Діни рәсімдер тізілімі», «Мүфтият құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі» сынды үш түрлі құжаттың қабылдануымен ерекшеленді деп айта аламын.

 

 –  Форумда қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасының басты мақсаты қандай?  

–  Ислам адамзатты алдымен Аллаға иман келтіруге, сол иманның аясында игі істер жасауға шақырады. Мұсылман баласы әрдайым өз ортасында ізгіліктің, жақсылықтың жаршысы болуы тиіс. Ізгілікке негізделмеген істің ілгері жүрмейтінін өмірдің өзі дәлелдеуде. Алла Тағала қасиетті Құранда «Шын мәнінде Алла әділетті, игілікті және туыстарға қарайласуды бұйырып, арсыздықтан, жамандықтан және зорлық-зомбылықтан тыяды» деп адамзатты ізгілікке шақырған. Ардақты Пайғамбарымыз ислам дінінің негізгі мақсаты – адамзатты көркем мінез-құлыққа тәрбиелеу екенін баяндайды. Осы ретте қабылданып отырған тұғырнама мұсылманның тұла бойында табылуы тиіс, негізгі кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті көркем сипатты қамтиды. Имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік және әділеттілік сынды қасиеттерді бойға сіңіру арқылы әрбір мұсылманды өнегелі тұлғаға айналдыру, қоғамды тәрбиелеу – құжаттың басты мақсаты.

 

– Осы ретте «Отаншылдық» құндылығының маңызы туралы тарқатып айтар болсақ.

– «Отанды сүю – иманнан» деген аталы сөз бар. Бұл – тілге жеңіл болғанымен, жүрекке жылы тиетін нақыл. Отаншылдық – ең алдымен өз Отанының тарихи тек-тамырын, ғұмыр жолын, қадір-қасиетін терең білу және өз туған жері үшін асқақ сезімдерге бөлену деп түсіндірер едім. Өйткені, отаншылдық – Отанын жан-тәнімен сүйіп, оған қалтқысыз қызмет ету ғана шектелмейді. Атамекеніңді қандай қадір-қасиеті үшін кие тұтарыңды білмей тұрып, отаншыл болу мүмкін емес. Осы орайда Елбасымыз Н.Назарбаевтың мына сөзін еске салып өтсем деймін: «Біз Отанымыздың қасиетті байтақ даласын қантөгісті шайқастарда қорғаған батыр бабаларымыздың рухына лайық болуымыз керек. Олар тәуелсіздікті аңсады, біртұтас, қуатты мемлекет құруды армандады. Осы ұлы мұратты жүзеге асырудың асқақ абыройы біздің ұрпақтың пешенесіне жазылды. Біздің тарихи міндетіміз елімізді әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына қосу, сөйтіп келер ұрпаққа өркенді де өршіл Қазақстанды табыстау». Ұлы Отанымыз – Қазақстан өзінің терең тамырлы тарихымен де, соқтықпалы-соқпақты ғұмыр жолымен де, мейлінше толымды мәдени-рухани төлтума болмысымен де кез келген қазақты, кез келген қазақстандықты мерейлендіруге тиіс. Пайғамбарымыз «Екі түрлі көз ақыретте тозаққа күймейді. Біріншісі – күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі – Отанды қорғап шекара күзеткен көз» деген. Ендеше, мұсылманға парыз етілген амалдардың бірі – Отанын ішкі және сыртқы жаулардан қорғау екенін ұмытпауымыз керек.

           

 – Бүгінгі қоғамда масылдық психология әлі де бар. Сондықтан тұғырнамада жеті қазықтың бірі ретінде еңбек құндылығына орын берілуі тегін емес. Қоғамды адал еңбекке ынталандыру мақсатында дін қызметкерлері қандай кеңес бере алады?

– Саналы ғұмырында адал жолмен мал табу, қоғамға, Отанға адал қызмет ету – Алла Тағаланың адам баласына жүктеген міндеттерінің бірі. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен тер төкпестен,  алдап-арбау, түрлі қулық-сұмдық жолдармен тапқан дүниенің қайырлы болмасы белгілі. Шын мәнінде, кімде-кім бала-шағасын, отбасын адал жолмен асырау мақсатында шынайы еңбек етсе оның мерейі тасып, ырысы асатындығы сөзсіз. Бұл жөнінде Алла Тағала қасиетті Құранда  «Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер! Алланың өздеріңе халал әрі таза етіп берген ризықтарынан жеңдер!» деген. Шәкәрім атамыз «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа анық бола алады. Олар – барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» дейді. Ислам діні масылдыққа салынуды құптамайды. Адам ата (Алланың оған сәлемі болсын) Алла Тағалаға ғибадат етумен қатар егін егіп, темір ұстасы болып, күнкөріс үшін құрал-сайман жасап еңбектенгені баршамызға аян. Қайыр тілеп өмір сүру – нағыз ұят іс. Алла Тағала ақыл, сана, денсаулық, жігер бергесін адам бала-шағасын өз адал табысымен асырауға қамдануы керек. Адал еңбекпен несібе табу– пайғамбар салған сара жол.

 

 – Форумда дін қызметкерлерінің атқаратын рәсімдері туралы айтылған екен. Бұл қандай рәсімдер? Ендігі кезекте дін қызметкерлері қандай рәсімді атқара алады және қандай рәсімдерді өткізуге тыйым салынуда?

– Иә, осы форумда мұсылмандық діни рәсімнің құжаты қабылданды. Бұл – заманның талабынан, қоғамның сұранысынан туындаған тарихи құжат. Онда діни қызметшілердің діни жораларды қалай орындауы керектігі туралы толық түсінік берілген.  Дүниеге келген балаға азан шақырып, ат қоюдан бастап, жаназа шығару,  құран-хатым оқуға  дейінгі діни рәсімнің барлығы белгілі бір тәртіппен жүргізілетін болады. Мұндай реттеу халық арасындағы діни рәсімдер тізілімін дұрыс орындауға қатысты бірқатар түсініспеушілік пен келіспеушіліктерді оң шешуге ықпал етіп, діни рәсімдерді өткізу барысында орын алатын олқылықтар мен ысырапшылдықтың алдын алуға негіз болмақ. Яғни, бұл құжат әр өңірдің көзқарасы, қалыптасқан дәстүрі немесе ұстанымына негізделмеген, ортақ бірізділікпен дайындалған. 45 тараудан тұратын тізілімде әр рәсімнің қалай өткізілетіні және қандай дұға оқылатыны жазылған. Олардың ішінде діни лауазымына байланысты атқаратын және атқаруға рұқсат етілмеген рәсімдер нақты көрсетілген.

 

–  Дін қызметкерлерінің лауазымдарын өзгерту мәселесі де форумда айтылды. Бұл қандай қажеттілікке байланысты туындап отыр?

– Бұрынғы кезде дін қызметкерлері «Ишан», «Қалпе», «Молда» деген атауларды иеленген болса, қазір діни басқарма діни лауазымдарын тізілімін бекітіп отыр. Бас мүфтиден бастап, облыс, қала, аудан бас имамдарының, имам мен молданың, ұстаз бен  азаншының қызметін бөліп, міндеттерін жіліктеп беру осы жолы орындалды. Ауылдық жердегі молданың міндеті қайсы? Медресе директоры не атқарады? Имам не нәрсеге араласа алмайды? деген сауалдарға нүкте қойылды.

 

 –  Форумда қабылданған құжаттарды кеңінен таныстыру, насихаттау мақсатындағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

–   «Жеті рухани қазық» тұғырнамасында нақтыланған имандылық, Отаншылдық, еңбекқорлық, білімділік, ауызбіршілік, мәдениеттілік, әділдік құндылықтары қоғамды тәрбиелеуші құрал ретінде еліміздің ынтымақ-бірлігін нығайтып, тұрақтылығы мен рухани тұтастықтың сақталуына, ұлттық құндылықтарымыздың қайта жаңғыруына, өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге, қоғамды еңбекқорлық пен ұлтжандылыққа, имандылық пен әділдікке үйретуге үлкен септігін тигізері анық. Сондықтан осы жеті қазығымызды мықтап қағып алсақ, ол бізді адастырмайды. Пайғамбарымыздың бойынан табыла білген осы көркем мінез-құлық сипатын бірінші кезекте ұстаздар мен имамдар, «Мен – мұсылманмын» деген әр  азамат та өз бойында қалыптастыруы керек. Сондықтан жамағатты жеті қазығымызбен сусындату мақсатында насихат жұмыстары жан-жақты жүргізілетін болады.

Сұқбатты дайындаған Эльмира Нұғманова

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
112 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
367 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
464 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
567 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
572 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
591 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
603 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
705 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
935 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1246 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1128 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1236 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1232 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1358 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1402 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1352 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1364 0
Қалалықтар қаперіне
Биыл елімізде әскери шеру өткізілмейді
03 Сәуір 2024
1467 0
Қалалықтар қаперіне
Тасқыннан зардап шеккендерге көмектесуде
30 Наурыз 2024
1927 0
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
2064 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»