Медколледж студенті «кіндік ата» атанды!
Оралдық «Жедел жәрдем» бригадасында практикада жүрген Батыс Қазақстан медициналық колледжінің студенті жүкті әйелді қызметтік көліктің ішінде босандырып алды.
Бұл жолғы шақырту қала маңындағы Деркөл ауылынан түскен. Көмекке асыққан санитар-студент жүкті келіншектің үйіне «Жедел жәрдем» бригадасымен 10 минутта жеткен. Бірақ та перзентханаға үлгірмеген. Толғағы күшейген әйел орта жолда мәшинені тоқтатуды сұраған. Осылайша дәрігерлер «Жедел жәрдем» көлігінің ішінде келіншекті босандырып, сәбидің кіндігін де өздері кескен. – Айы-күні жеткен әйелдер өз денсаулығына салғырт қарамай күтініп, бізді тығырыққа тіремей уақытылы перзентханаға барғаны дұрыс-, дейді дәрігерлер. Студентті «кіндік ата» атандырған сәбидің денсаулығы жақсы, ертең перзентханадан шығарады деп күтілуде.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу