МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН КӨЛЕМІНЕ ҚАТЫСТЫ 26 МЫҢНАН АСТАМ КЕМШІЛІК АНЫҚТАЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының сарапшылары тегін медициналық көмектің кепілді берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша Жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Халыққа медициналық көмек көрсету кезінде 26 мыңнан астам түрлі кемшілік анықталды, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 156 млн теңге.

«ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша Қор жеткізушілері халыққа көрсеткен медициналық қызметтер үшін ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізілетінін атап өткен жөн. Іс жүзінде көрсетілген және медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін, сондай – ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған қызметтерге ақы төленеді», – деп Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова хабарлады.
Анықталған кемшіліктің ең көп саны жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, әрбір қызмет жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары жалпы құны 20,0 млн теңгені құрайтын 22 мыңнан астам осындай кемшілік тіркеді. Сондай-ақ, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде 874 мыңға жуық ақау, тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда медициналық көмек көрсету кезінде 577 мың факті анықталды.
Шілде айында қор сарапшылары нақты көрсетілмеген қызметтердің 683 мыңнан астам жағдайын анықтады, олар пациенттер алған болып ақпараттық жүйелерге енгізілген. Осындай жағдайлар бойынша анықталған бұзушылықтар үшін медициналық ұйымдарға 1 млн. 885 мың теңгеге айыппұл салынды.
«Түрлі мемлекеттік базалардан деректерді біріктіру және IT құралдарын қолдну, осы деректерді өңдеу мониторингінің сапасын айтарлықтай арттырады. Бұл адами факторды азайтуға мүмкіндік береді. Қазір Қор әртүрлі АЖ мен регистрлердің деректерін бір алаңда интеграциялау арқылы медициналық қызметтердің сапасы мен көлемінің толассыз мониторингін АЖ-де құру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл мониторинг процесін барынша автоматтандыруға мүмкіндік береді», – деп Қорда атап өтті.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Халық тарапынан қоғамдық бақылау, бір жағынан Қорға бұзушылықтарды анықтауға көмектеседі, екінші жағынан медициналық ұйымдарды тәртіпке келтіреді. Сондықтан біз қазақстандықтарды өз деректерін мобильді қосымшаларда тексеруге және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда Қорға хабарлауға шақырамыз», – деп атап өтті.
Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласу қажет.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу