8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Наурыз 2026 452 0
Медицина

Медицина ұжымымен кездесті

Screenshot

Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясын түсіндіру мақсатында қалалық ақпараттық-түсіндіру тобы көп бейінді қалалық аурухананың басшылығы мен медициналық ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Жаңа Конституцияның мазмұны мен маңызы туралы кеңінен айтылды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамалар жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аталған өзгерістердің мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.

Іс-шара барысында аурухана басшылығы мен медициналық қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар мен пікірлер талқыланды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушыларға конституцияның мәні мен маңызын кеңінен түсінуге мүмкіндік берді.

Аталған түсіндіру жұмыстары азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамда жүргізіліп жатқан реформалар туралы толық әрі нақты ақпарат беруге бағытталған.
Орал қалалық Ішкі саясат бөлімі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
47 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»