8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қыркүйек 2019 1633 0
Қоғам

МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Отандық медицина саласына жарты ғасырға жуық ғұмырын арнаған ҚР еңбек  сіңірген  дәрігері Бақтығали Ахметовтың 80 жас мерейтойына орай Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда салтанатты кеш өтті.  Медицина саласының құрметті қызметкеріне арналған шырайлы шараны денсаулық саласының қызметкерлері   ұйымдастырған. Бақтығали Ахметовтың денсаулық сақтау саласында жүріп өткен жолы кеңінен әңгімеленген кешті №2 қалалық емхананың басшысы Қашура Мұхтарқызы жүргізді.

Бақтығали Ахметов 1939 жылдың тамызында Тасқала ауданының 2-Шежін ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1956 жылы ұжымшар мүшесі ретінде бастаған. 1957 ж. Оралдағы 1 жылдық ауыл шаруашылығы мектебін, 1964 жылы Ақтөбе медицина институтын бітірген. Өзінің айтуынша, медицина саласына кездейсоқ келіпті.

– 10 жылдықты бітірген уақытта агроном болғым келді. Ол уақытта ауыл шаруашылығы институты тек Алматыда ғана болған. Оған баруға мүмкіндігім болмай, елде қалып, ұжымшарда еңбек еттім. Егін аяқталғанша санақшы болдым. Одан кейін мені ұжымшарға есепші етіп қалдырып, бір жыл оқуға жолдады.  Оны үздік аяқтағаным үшін Алматыдағы бухгалтерлік училещеге емтихансыз түсуге жолдама берді. Бірақ, мен одан бас тарттым. Ол кезде 10 класты бітіргендердің екі жылдық еңбек өтілі болса, институтқа жеңілдікпен қабылданатын. Оралдың және Гурьевтың педагогикалық институты және Ақтөбенің медициналық институына ғана грант бар екен. Мен қалаған ауыл шаруашылығы институына грант болмады. Мен тағы бас тарттым. Дегенмен, үлкен ағамның сөзінен аса алмай, медициналық институтқа бет алдым. Бірінші курстан кейін ауылшаруашылығына ауысамын деген ойым болған. Алайда, институтта өте жақсы ұстаздарға тап болдым. Солардың ықпалымен медицинаға қызығушылығым оянды, – дейді Бақтығали Ахметов.

Денсаулық сақтау саласындағы еңбек жолын Қазталов ауданының ауруханасында хирург ретінде бастаған ол кейін Сырым, Тасқала аудандарының ауруханасында, облыстық ауруханада жалғастырып, хирург, бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігер болды. 1981-96 ж. аралығында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы, одан кейін облыстық диагностикалық орталықтың директоры болды. Зейнетке шыққанымен қазір де өз білімі мен тәжірибесін ізбасарларына үйретіп келе жатқанын атап өту керек. Бүгінде Бақтығали Ахметов қаламыздағы «Мақсат» жеке медициналық колледжінде қызмет етуде.

– Бақтығали Ахметұлы өз қызметін сүйіп атқаратын медицина саласының майталманы. Ол білікті дәрігер ғана емес, шебер ұйымдастырушы. Оралға Кеңес Үкіметі кезінде Мәскеуде бүкілодақты съездер өткен кезде, әр сессияны басқару академиктер мен докторларға табысталатын. Сол съездің бір сессиясын басқару Бақтығали Ахметовке берілді. 16 жылдан астам облыстың денсаулық сақтау саласын басқарды. Ағамыздың медицина саласындағы  еңбегі орасан, – дейді колледждегі шәкірттерімен салтанатты кешке келген «Мақсат» медициналық колледжінің басшысы Мақсот Берген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрданат Беркінғали өңірдегі медицина саласы қызметкерлері атынан құттықтап, еңбек ардагеріне ат мінгізді. Сондай-ақ санаторлық-курорттық емделуге жолдама ұсынды.

Сонымен қатар шараға қатысқан қаладағы емдеу мекемелерінің ұжымдары мен  Бақытғали Ахметовтың замандастары кеш иесіне құттықтау тілектерін жаудырды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
103 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
140 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
153 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
165 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
240 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
237 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
243 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
329 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
582 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
773 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
904 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
914 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
989 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1391 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1409 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1486 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1573 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1780 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1778 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»