8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Мамыр 2019 3202 0
Қоғам

МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ – ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

                Ғасырдан аса тарихы бар  Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі еліміздегі ең алғашқы медициналық оқу орны болып табылады. Уақытпен үндескен білім ордасына терең бойласаң, бір кітапқа жүк боларлықтай тарихы бар екеніне куә боласыз.

                 Сәл шегініс жасап, тарихи жылманаларынан сыр ақтарсақ, сонау 1916 жылдың қараша айында Орал губерниясында Зем басқармасы өзінің фельшерлік мектебін оқу орны ретінде ашқан. Осы уақыт ішінде Батыс Қазақстан медицина колледжі 20  мыңнан астам мамандар даярлап шығарды. Олар біздің облыста ғана емес, бүкіл республикада, алыс-шақын шетелдерде еңбек етіп жүр. Қазіргі таңда колледж – еліміздің жетекші медициналық колледждерінің бірі. Алты мамандық және 9 біліктілік бойынша медициналық қызметкерлердің жоғары білікті және құзыретті кадрларын дайындайды. Бүгінде колледжде 1050 студент білім алуда.

Колледж директоры Қамидолла Ирменовтың айтуынша, осыдан бес жыл бұрын Батыс Қазақстан медициналық колледжі Қазақстан Республикасының үздік алты медициналық колледжі қатарында мейірбике ісі мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын енгізудің ДСМ сынамалы жобасын іске асыруға қосылды. Бұл жоба «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласы секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» дүниежүзілік банк жобасы аясында дайындалып, енгізілуде. Колледж педагогтарының көпшілігі жоғары және бірінші санатқа ие. Алматы, Астана, Түркия, Ресей, Финляндия, Испания, АҚШ, Германияда оқудан, тәжірибеден өткен. Жыл сайын оқытушылардың 96 пайызына жуығы өз біліктіліктерін арттырады. Колледж түлектері еліміздің барлық өңірлерінде табысты еңбек етуде, олардың 92-93 пайызы жыл сайын мамандығы бойынша қызметке орналасады, қалғандары ЖОО-ларға түседі. Колледждің Республика бойынша үздіктердің қатарында көрінуіне студенттерге жасалатын жағдай да үлкен септігін тигізген. Оқу бітірген соң оларды еңбекке орналастыру жағы да жүйелі түрде жүргізілуде. Колледждің алға қойған міндеттері мен мақсаттары асқақ, оқу ордасы 2020 жылдың республикалық рейтингісінде де алдыңғы орындардан көрінуге үмітті. Қазіргі күні еңбегімен еленіп жүрген белгілі азаматтар осы киелі шаңырақтың шәкірттері екенін мақтанышпен айтады. Білім берудің түрлі әдіс­терін меңгерген мұғалімдер, тың талапты терең түсініп, шәкірт алдына үлкен мақсат-міндет қойып, ел ісіне жарар қабілетті кадрларды даярлауда. Оған мақсаты айқын, бағыты белгілі өңірдегі біз тілге тиек етіп отырған оқу орны дәлел бола алады.

                                 Білікті мамандар топтасқан

– Жетістікке жетудің бір сыры – әлеуеті жоғары кадрларды даярлап шығару, ал ол білікті мамандарға байланысты. Сол себепті, мен мұғалімдердің кәсіби білігіне қараймын. Тәжірибемнен түйгенім осы. Жан-жақты, заман ағымына сай, ізденіс жолындағы мұғалім-дерді жұмысқа қабылдаймын, – дейді колледж директоры Қамидолла Мүтиғоллаұлы.

Расында,   Қамидолла Ирменовтың медицина саласында өз қолтаңбасы бар. Бұл саланы жан-жақты білетін білікті басшы темірдей тәртіп болмаса оқу игі жеміс бермейтініне сенімді. Мамандар мәселесіне мән беретін оқу орнында бүгінгі күні  83 оқытушы қызмет етеді. Ұстаздар арасында медицина саласының үздіктері жетерлік. Бүгінгі күні биік белестерді бағындырған байырғы білім ордасы тек батыс өңіріне ғана белгілі емес, республика бойынша  алдыңғы қатарлы пилоттық жобаларды меңгерген, сонымен қатар Жоғары медициналық колледж мәртебесінің алғашқы иегері, «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат дайындығын ойдағыдай іске асырған колледж түлектері еліміздің барлық аймақтарында және одан да тыс жерлерде сұранысқа ие. Тәуелсіз институционалдық және мамандықтар бойынша аттестаттаудан, сондай-ақ еуропалық стандарттарға сәйкес келу бойынша халықаралық аттестаттаудан табысты өтіп, Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты сапа менеджменті жүйелері құжаттарын жаңа үлгілерге сәйкес жасақтап, қолданысқа енгізіп үлгерген оқу орны. Озық іс-тәжірибемен бөлісу, бәсекеге қабілетті өнім тұтынушылардың жоғары талаптары мен сұраныстарына сай болу мақсатында шекаралас Ресей Федерациясы Самар мемлекеттік университетімен, Н.Ляпина атындағы Самар медициналық колледжімен, Саратов Мемлекеттік университетімен, Литов  денсаулық ғылыми университетімен, М.Оспанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетімен, С.Д.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетімен, Казань медициналық колледжімен тығыз ынтымақтастық жыл сайын артып келеді. Заманауи оқу-клиникалық орталығымыз үздіксіз курсанттарды қабылдап, шебер сыныптар мен тренингтер, тамаша ұйымдастырылған семинарлар арқылы кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік жасалған. Онлайн форматта қашықтықтан оқыту да қолға алынғаны аса қуантады. Мәселен «Мейіргер ісі» пәнінің арнайы пән оқытушылары Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжінің 90 жылдығына орай өткізілген «Денсаулық сақтау жүйесінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандарының жаңа құзіреттіліктері мен рөлдерін енгізу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік мемлекетаралық конференцияға колледж оқытушылары Г.Жумина, Т.Құспанова, И.Жапашова,  Н.Федулеева, Л.Гусманова  қатысып арнайы сертификатқа ие болған және жұмыстары «Ғылым мен Денсаулық сақтау» медициналық ғылыми-тәжірибелік журналға жарияланған. «Білім – Образование – Education» республикалық ғылыми-педагогикалық орталығы ұйымдастырған «Үздік сабақ жоспары» ІІІ Республикалық қашықтық педагогикалық сайысында анатомия және физиология пәнінің оқытушысы Айкөркем Үмбетова жүлделі ІІ орынды, тарих және әлеуметтік-экономикалық пәндерінің оқытушысы Эльмира Оңдағанова жүлделі ІІІ орынды жеңіп алған. Ал орталық жариялаған «Сабақтарда АКТ қолдану» атты ІІ Республикалық педагогикалық байқауда «Педагогикалық жоба» номинациясы бойынша кәсіби қызметтегі ақпараттық технологиялар пәнінің оқытушысы Жанат Сәрсенбаева ІІ орынды иеленді.  РФ Темников медициналық колледжі жариялаған «Латын тілі негіздері медициналық терминологиямен» пәні бойынша әдістемелік әзірлемелердің сырттай конкурсында оқытушы Гүлсұлу Сағатова жеңімпаздар қатарынан көрінген.  Сондай-ақ колледж ұстаздары түрлі спорттық додаларда топ жарып жүр.

Елбасымыздың рухани жаңғыру бағдарламасы жастардың білімге деген ұмтылысына, жаңа технологияларды игеруіне, өзіндік идея-жобаларды жүзеге асыруына көңіл аударады. Осы басымдықты және елімізде медбикелерді даярлауды жетілдіру реформаларын жүзеге асыру мақсатында колледж  базасында  еліміздің медициналық колледж студенттері арасында «Креативті студент – болашақ маман» атты республикалық жобалар фестивалі тұңғыш рет ұйымдастырылды. Таяуда жас мамандарды қызметіне баулу жән кәсіби жетілуіне қолайлы жағдай туғызу мақсатында «Жылдың үздік жас маманы – 2019»  байқауы жоғыра деңгейде өтті.

                                  Құнды жәдігерлерге толы музей бар

Сырлы шежіреге толы  мамандар дайындаудың алғашқы легіндегі  бірден-бір іргелі базалық  оқу орны ретінде  Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің өз білім алушыларына өткен тарих тағылымын жан-жақты танып-білуге үлкен мүмкіншілік туғызатын мәдени орда – колледж музейі. Өскелең ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін колледжде өткізілетін тәрбиелік әр іс-шара маңызды рөл атқарады. Білім алушыларымыз тек облыстық, аймақтық, республикалық конференцияларда ғана емес, халықаралық конференция жүлдегерлері. Әсіресе, шекаралас  Ресейге Самар, Отрадный қалаларында өткізілген халықаралық жиындарда өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, үнемі көзге түсіп отырады. Жетістіктермен бөлісу музей қабырғасында орын тепкен. Өткенге көз салып, барды бағалайтын, әр экспонатты көзінің қарашығындай сақтайтындай етіп, әрі тарих бастамаларын, қолданыста болған құрал-жабдықтардың бағасын, қаншалықты құнды жәдігерлерді көріп тамашалауға жағдай жасалған. Колледждің  алғашқы кірпіші қаланғаннан бастап, қазіргі жай-күйі, қызмет еткен танымал профессор, әйгілі дәрігерлер, өз істерінің білгірлері туралы деректер ойылып жазылғандықтан, музей көздің жауын алады

Мақсат – үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін медициналық білім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету. Бұл біз тілге тиек етіп отырған Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің темірқазық ретінде ұстанып отырған мақсаттарының бірі.  Колледждің бүгінгі бағыты, шыққан шыңы межелеген мақсаттарға мінсіз жетуіне тура жол салмақ.

 

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
150 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
345 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
345 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
800 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
869 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
887 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
908 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
929 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1298 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1423 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1454 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1729 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1741 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1869 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2161 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2261 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»