«МАС ЖҮРГІЗУШІ» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ӨТУДЕ
Жедел алдын алу шарасы 18-31 қазан аралығында жүргізіледі.
Мақсаты – Орал қаласы аумағы жолдарындағы апаттылықтың өсуіне байланысты жол-көлік оқиғаларын төмендету, жүргізушілердің көлік тәртібін сақтауын қадағалау, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай- ақ, жол жүрісі ережесін бұзу фактілерінің алдын алу.
Осы уақыт аралығында полиция инспекторлары тарапынан жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзушылықтарды анықтау бойынша көлік құралын мас күйінде басқару, бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өту, қозғалыстың қарсы бағытына шығу, жылдамдық режимін бұзу және т.б. жұмыстар күшейтіледі.
Орал қаласы Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы кодекстің 608-бабына сай 869 жүргізуші, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 348-бабымен 118 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Полиция басқармасы жол үстінде ережелер сақталып, азаматтардың мас күйде көлік жүргізбеулерін ескертіп, жүргізушілерді өздерінің және өзгенің бас амандығына салғырт қарамауға үндейді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу