8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қаңтар 2020 4105 0
Өзек

МАС КҮЙДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕНДЕРГЕ ЖАЗА ҚАТАҢ

Қылмыстық Кодекске мас күйде көлік басқара отырып, адамның денсаулығына зиян келтіру немесе өлімге әкелу бойынша жауапкершілік күшейтілген жаңа бап енгізіліп отыр. Бұған дейін кінәлілерді жол қозғалысы ережесін бұзу бойынша жалпы баппен ғана жазалау қарастырылған еді. Енді қылмыс үшін 10 жылға дейін қамауға алу жазасы қолданылатын болады. Қылмыстық Кодекске енгізілген ауыр және аса ауыр қылмыстардың жекелеген түрлері үшін жауапкершілікті қатаңдататын заң ережелері БҚО Полиция департаментінде өткен брифингте түсіндірілді.

БҚО ПД бастығының орынбасары А.Теміржановтың  түсіндіруінше, жаңа 345-1-бапта ішімдік ішіп, көлік жүргізгендерге 7 жылға соттау, 10 жылға дейін көлік жүргізуге тыйым салу қарастырылған. Ал бұл жағдай екі не одан көп адамның өліміне әкелетін болса, кінәлі жүргізуші 7-10 жылға сотталып, көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылуы мүмкін.

– Мас күйде көлік басқара отырып, орта дәрежедегі адам денсаулығына зиян келтіргендер  1 мың АЕК айыппұл төлейді немесе 10 жылға жүргізуші куәлігінен,  1 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын болады. Денеге аса ауыр зиян келтірген жағдайда 3 мың АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 10 жылғы жүргізуші куәлігінен, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын болады. Сондай-ақ жол-көлік апаты жағдайында жәбірленуші қаза болған кезде жүргізуші 10 жылға жүргізуші куәлігінен айырыла отырып, 7 жылға дейін қамауға алынатын болады, ал екі немесе одан да көп адамдардың өлімі үшін жүргізуші құқығынан өмір бойы айырылып, 7 жылдан 10 жылға дейін қамауға алынады, – деді Асхат Төлешұлы.

346-бап бойынша аталған қылмыс қайталанса, оның жазасы қатая түседі. Тәртіп бұзушы бірден көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылады. Яғни жүргізуші куәлігінен айырылғандар мас күйде көлік рөліне отырып оқыс жағдайға жол берсе, қатаң жаза қолданылады. Нақтырақ айтсақ, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтірген жағдайда жүргізушілерге 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығын шектеу және өмір бойы жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қолданылады. Ал өлім жағдайына әкелсе, кінәлі жүргізуші 7-9 жыл бас бостандығынан айырылып, өмір бойы көлік рөліне отыру құқынан шектеледі.

Айта кетейік, бұған дейін мұндай қылмыс жағдайында егер адам денсаулығына ауыр зиян келтерсе, 3 мың АЕК айыппұл, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу, 6 жылға дейін белгілі лауазымды атқару және қандай да бір қызметпен айналысу құқығы шектеу, ал өлім жағдайы оры алғанда 5-7 жылға дейін бостандығын шектеу, 7 жылға дейін белгілі лауазымды атқару және қандай да бір қызметпен айналысу құқығы шектеу жазасы қолданылған болатын.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
200 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
238 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
402 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
593 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
835 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
914 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1022 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1029 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1055 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1066 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1169 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1389 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1707 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1589 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1698 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1689 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1819 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1865 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1808 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1818 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»