МАС КҮЙДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕН АЗАМАТ 5 ЖЫЛ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛМАҚ
Ол қазір Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Орал қаласы баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 қаңтар күні сағат 3.18-де облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторлары 3-саяжай қоғамы аумағынан күдікті көлікті тоқтатып, жүргізушінің мас күйде екенін байқайды. Жүргізілген сот -медициналық сараптамасы жүргізушінің ішімдік ішкенін растаған. Құжаттарын тексере келе оның 2019 жылы көлік жүргізу құқынан айрылғаны белгілі болды.
Аталған факті бойынша Орал қаласы Полиция басқармасында Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөліміне сай қылмыстық іс қозғалып, анықтау бөлімінің өндірісінде тергеу әрекеттері жүргізілуде.
– 1992 жылғы М.есімді жүргізушінің Қаратөбе ауданында дүниеге келген, қазір Бәйтерек ауданының тұрғыны екені анықталды. Бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны мәлім болды. Қазіргі күні басқарманың уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Іске мақсатты және қажетті материалдар жиналып, Орал қаласының прокуратурасына жолданды, – дейді Орал қаласы ПБ анықтау бөлімінің аға анықтаушысы, полиция капитаны Гүлбану Өтешева.
346-баптың 1-бөлімі бойынша бұрын әкімшілік хаттама толтырылса, алдағы уақытта 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, өмір бойы көлік жүргізу құқынан айырылады, 5000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.
– Күшейтілген заң талаптары күшіне енгелі мас күйде көлік жүргізу фактісі қала бойынша бірінші рет тіркелді. Бұндай шаралар мен заңның қаталдығы әр жүргізушіге жауапкершілік жүктейді. Жоғарыда көрсетілген фактінің материалдары сотқа жолданып, сот процесінде қаралатын болады, – дейді анықтау бөлімінің бастығы, полиция капитаны Жайдар Киргенев.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу