8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Наурыз 2021 1463 0
Қоғам

МАМАН ТЕЛЕФОНДЫ ҚУАТТАУ КЕЗІНДЕГІ ҚАТЕЛІКТЕРДІ АТАДЫ

Цифрлы өнімдерді зерттеуші ресейлік маман Эльвина Насибулина телефон батареясының мерзімінен бұрын ескіруіне әкелетін қателіктерді атады.

Маман смартфонды түнде қуаттағышқа қосып қалдырмауға кеңес берді. Керісінше ұйықтар алдында біраз уақыт бұрын қуаттап, энергияны үнемдеу режимін қосып қоюды ұсынды.

«Телефонды температура тым жоғары немесе тым төмен бөлмеде қуаттамаған жөн», – деп атап өтті Насибулина.

Сарапшы Қытайдан әкелінген «әмбебап қуаттағыштарды» пайдаланбай, түпнұсқа адаптерлерді пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ, телефон қуаты толық таусылғанын күтудің қажеті жоқ.

«Батареядағы қуат деңгейі 10-15% болған кезде құрылғыны тоққа қосу қажет. Смартфон батареясы үшін 20%-тен төмендемеген және 80%-тен аспаған қуат деңгейі өте қолайлы болып саналады», – деді маман.

Егер телефон қуаты тез таусылатын болса, параметрден қуат статистикасын тексеру қажет. Айтарлықтай ақау байқалса, бірден жөндетуге апарған дұрыс.

https://sputnik.kz/society/20210315/16530578/telefondy-quattau-kezindegi-qatelikter.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
78 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
118 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
63 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
299 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»