8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Мамыр 2020 2467 0
Қоғам

Мәжит ШОМБАЛОВ – халық жанашыры, дәрігер-эпидемиолог

Байырғы замандардан бері қазақтан шыққан небір білімді азаматтар халықтың жағдайын, сауаттылығын көтеру үшін, денсаулықтарын жақсарту үшін жан аямай қызмет еткені белгілі. Сол еңбектері әр заманда әр түрлі қабылданып келді, әсіресе, ХХ ғасырдың 20-сыншы, 40-ыншы жылдарында оларға үлкен сын айтылды, еңбектері бағаланбады, тіпті керек десеңіз, «Халық жауы», «Космополит», «Ұлтшыл» тағы да басқа қисынсыз айыптаулар тағылды, түрмелерге қамалды, ату жазасына да кесілді.

«Алашорда» үкіметінің басында тұрған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Халел, Жаһанша Досмұхамедовтер, Сейітқали Меңдешов сынды көптеген тұлғалар ел арасындағы «сауатсыздықты» тоқтату үшін еңбек етті. Ресей патшасының теріс олқылықтарын бетіне айтты, тура сөйлеуден тайсалмады. Советтік үкіметтің қазақ жеріне орнығуы кезінде де елеулі қызмет атқарды. Бірақ, бір өкініштісі сол, Алаштың ұлы қайраткерлерінің еңбегі дұрыс бағаланбады, теріс баға беріліп, айыпталды. Кейін ғана, еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, негізсіз айыпталған тұлғалардың есімі ақталып шықты. Енді ғана Алаш алпауыттарының еліне сіңірген еңбегі бағаланып, зерттеліп, насихатталып келеді.

Осы тұлғалардың қатарында Қазақстандағы денсаулық сақтау ісінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстандағы жоғары білімді алғашқы дәрігерлердің бірі, дәрігер-эпидимиолог  Мәжит Шомбалов бар.

Мәжит Мұхамеджанұлы Шомбалов (Чумбалов) 1873 жылы 20 сәуірде Ішкі Орданың Талов бөлімінде (қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы) I ауылында бай малшының отбасында дүниеге келген.

Қызметтік жолын өзі туған жеріндегі емханадан бастаған Мәжит Шомбалов өмірінің 40 жылдан астам уақытын денсаулық сақтау ісіне, партия қызметіне арнаған, халықтың болашағы үшін барын салған.

Мәжит Шомбалов өзінің автобиографиясында: «Мен университетті бітіріп, кейін Ордада учаскелік дәрігер болып тағайындалдым. Бірінші кезекте мен қазақ халқы тұрғындарының еуропалық медициналық гигиеналық ережелерімен жете таныстым. Жергілікті халық ауруханалардан қорқып, акушерлік көмек туралы мүлде түсінік болған жоқ. Тек қана емшілер мен молдаларға сенімдері берік болды. Ордадағы Губерниялық денсаулық сақтау ұйымы басшысы қызметінде жүрген кезде медицина жүйесі мен медициналық персоналды күшейтуге, көбейтуге күш салдым, революцияға дейін өңірде 2 медицина қызметкері болса, 18-інші жылдың басына қарай олардың саны 6-ға жетті. Сонымен қатар, әрбір медициналық пункт дәрігерлермен толықты. Халықтық денсаулық сақтау комиссариатының орынбасары болған кезімде, Мен, Қазақстандағы балаларға арналған консультациялық мекемелердің, балабақшалардың, балалар ойын алаңдарының қалыптасуының негізін салушысы болдым. Жыл сайын  жоқ дегенде 20- 30 баланы  Қызыл Крест пионер лагерлеріне жіберіп отырдым. Менің халыққа медициналық дәрі-дәрмектерді жеткізудегі жұмысымда: 1929 жылы маған дейін қызмет атқарған басшы кезінде 18 дәріхана болса, мен Оралға ауысқанға дейін яғни, 1934 жылға дейін 200 дәріханалық пунктке жетті. Мен 1905 жылдан бастап обаның барлық дерлік өршіген нүктелерінде болдым. Осылайша, менің денсаулық сақтау саласында жүргеніме 36 жыл болды. 38 жылы тергеуде болдым, 38- інші жылдың  24 тамызынан 39- ыншы жылдың 28 шілдесіне дейінгі аралықта түрмеде болдым. Бірақ, ақталып шықтым және партияға қайта оралдым. ВКП(б) партиясының мүшесі-  М.М. Чумбалов. 19.ХІ.1939″  – деп жазады…

Айдана ДҮЗБАСОВА, М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты

 

Толығырақ «Жайық үні» газетінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №20 санынан оқи аласыздар. 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
166 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
435 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
676 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
708 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
863 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1059 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1296 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1377 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1485 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1491 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1524 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1531 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1635 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1852 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2163 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
2048 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2161 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»