8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Желтоқсан 2023 3367 0
Қоғам

Мәслихат мәселенің шешілуін іздейді

Бүгін, желтоқсанның 14-і күні облыстық мәслихаттың үлкен залында алғашқы рет барлық деңгейдегі мәслихаттардың «АMANAT» партиясы депутаттарының форумы болды.

Алдымен құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Нариман Төреғалиев: – Форумның мақсаты – мемлекет пен қоғам алдында тұрған, халықты толғандырып отырған өзекті де, өткір мәселелерді бірлесіп, ашық талқылау, олардың шешу жолдарын іздеу, – деді. Содан кейін облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Мұқаев сөз алып, енді өңірдегі өзекті мәселені шешетін ашық алаң болатынын, БҚО-да барлығы 188 депутат бар екенін айтты.

Форумда Азамат Бапиев, Есен Сүндетов, Тұрарбек Тілемісов, Нұрлыбек Хайруллин, Қайрат Нәсимоллин, Берік Ықсанов, Дархан Дәулетияров, Нұрлан Меңдешов, Жасқайрат Жолымбетов, Зульфия Серғазиевалар «АMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің Алғыс хатын алды. Форумның екінші бөлімінде облыс әкімінің орынбасарлары Бақытжан Нарымбетов пен Қалияр Айтмұқамбетов депутаттардың сан түрлі сауалдарына тұшымды жауап берді. Секцияның соңы тренингке ұласты.

Гүлжан АЯЗБАЕВА
Форум туралы мақаланы «Жайық үні» газетінің келесі санынан оқи аласыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
26 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
79 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
49 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
272 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»