МӘМС ЖҮЙЕСІ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабына сәйкес әрбір адамның денсаулық сақтау құқығы бар. 2015 жылғы 16 қарашада ҚР Президенті Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңына қол қойды, осы Заңға сай ҚР азаматтары, жұмыс берушілер «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» жарналар мен төлемдер аударуға міндетті болып табылды. Бұл азаматтарымыздың денсаулығын жақсарту және медициналық көмектің сапасын арттыру үшін тиімді болды.
Казталов аудандық ауруханасы бойынша медициналық сақтандыру қорына жарна аударған жандардың басым көпшілігі МӘМС арқылы ем алу мүмкіндігіне ие болды. Мәселен, ағымдағы жылы ауруханада 50 жоспарлы ота жасалған болса 49 ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы жасалды. Сонымен қатар теріге, тері астындағы тіндерге 59 ота жасалған болса, 48-і МӘМС есебінен жүргізілген. Ауыл халқының медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру бағытында Казталов аудандық ауруханасының мақсаты айқын. Жергілікті ақ халаттылар тұрғындардың сапалы ем алуы үшін абыройлы еңбек етуде. Ай сайын жасалатын жоспарлы оталар, облыс орталығынан, қала берді Нұр-сұлтан қаласынан білікті мамандардың халыққа тегін медициналық кеңес беруі сөзіміздің айғағы. Мұның сыртында шұғыл оталардың да жасалатындығын ескерген жөн– деп атап өтті Казталов аудандық ауруханасының директоры м.у.а. Зинұр СӘТКЕШ.
-Бұрын соңды ауданымызда ота жасалды деген ақпаратты естімейтінбіз. Соңғы екі жылда Казталов аудандық ауруханасында жоспарлы және жедел оталар жасалды. Бұл туралы аурухананың әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы біліп, хабардар болып отырамыз. Ауыл халқының қалаға қатынамай-ақ тегін медициналық көмекке қол жеткізуі ауданымыздың медицина саласының зор жетістігі деп білеміз. Өзіме де МӘМС есебінен ота жасалған болатын. Бұл Президент бастама көтеріп, халықтың басым көпшілігі қолдаған жүйенің тиімділігінің көрінісі болса керек. Ақ халаттылар бізге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізгенімен, бұл хақында түсінік әлі артпады. Жалпы өзімнің еңбегімнің, төленген жарнаның арқасында маңызды отадан өткеніме қуаныштымын, – деді ем алушы Айнұр Валиева.
Мемлекеттің қайнар көзі – халық. Басты байлығымыз саналатын халықтың денсаулығын арттыру мемлекет алдындағы міндеттердің бірі.Ауыл халқының да сапалы медициналық көмекке қол жеткізуі үшін түрлі бағдараламалар қолға алынып, Казталов аудандық ауруханасы тарапынан да кешенді іс-шаралар жасақталған. Бұл қалаға қатынап, шығыны артқан тұрғындар үшін тиімді болмақ. Сәйкесінше, МӘМС жүйесінің де тиімділігі айқындалып отыр.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу