8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2022 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2022 893 0
Медицина

МӘМС пакетіндегі балаларға көрсетілетін медициналық көмек туралы не білесіз?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры үнемі«Qoldau – 24/7» мобильді қосымшасы, Saqtandyrу Bot телеграм-бот және 1406 байланыс орталығы арқылы балаларға медициналық көмек көрсету тәртібі бойынша жүздеген сұрақтар алады.

Осы орайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

Балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеуім керек пе?

Жоқ, 18 жасқа дейінгі балалар жеңілдікті санатқа жатады, олар үшін мемлекет МӘМС үшін аударымдар жасайды. Сондықтан медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық көмек балаларға толық көлемде қолжетімді.

Балаларға арналған стоматологиялық қызметтер МӘМС пакетіне кіре ме? Қандай қызметтерді тегін алуға болады?

– 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық көмек шұғыл және жоспарлы түрде тегін көрсетіледі. Медициналық сақтандырудың стоматологиялық қызметтер пакетіне мыналар кіреді: .

тісті жансыздандыру және жұлу;

– пломба салу;

абсцесстерді ашу;

– пульпит, периодонтитті емдеу;

– гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық пішінін толық функционалдық қалпына келтіру;

еріндер мен тілдердің пластикасы;

– рентгенография;

ортодонтиялық қызметтер: жақ-бет аймағының туа біткен патологиялары және таңдайдың бөлінуі(қасқырдың аузы) болған кезде.

Стоматологиялық көмек алу үшін емханаға да, стоматологиялық клиникаға да жүгіне аласыз. Бұл ретте, стоматологиялық қызмет көрсететін клиника Қордың әлеуетті жеткізушісі болуы тиіс және әлеуетті жеткізушісі тізімінде болуы маңызды. Стоматологиялық қызметтерді жеткізушілердің тізімін қордың сайтынан көруге болады.

Созылмалы аурулары бар балаларға қандай оңалту шаралары қарастырылған?

Созылмалы аурулары бар балалар мен жасөспірімдер жылына екі-үш рет тұрақты медициналық оңалтудан өте алады. Бұл асқынулардың алдын алу үшін емханаларда динамикалық бақылау кезінде жасалады. Үшінші кезеңді оңалтуды пациенттің ауруына байланысты емхананың медицина қызметкерлерінің жолдамасы бойынша емханаларда, күндізгі және тәулік бойыжұмыс істейтін стационарларда, оңалту орталықтарында және үйдегі стационарларда жүргізеді. 2020 жылы ҚР-да балаларға арналған 58 мың оңалту іс-шаралары жүргізілді, оның жартысынан көбі созылмалы аурулар кезінде өткізілді.

Спорттық секцияларға жазылмас бұрын ЭКГ, жүрек ультрадыбысын тегін алуға және балаға кардиологтың қорытындысын алуға бола ма?

Әрине. Ол үшін тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігердің/педиатрдың қабылдауына жазылу, консультация кезінде жүгіну себебін көрсету қажет. Дәрігер кардиологқа жолдама береді және ол спортқа қарсы көрсеткіштерді болдырмау үшін қажетті шараларды тағайындайды.

Қандай жағдайларда балалар дәрігерін үйге шақыруға болады?

5 жасқа дейінгі балаларға денсаулық жағдайының кез келген нашарлауы кезінде учаскелік дәрігер үйде қызмет көрсетеді. 5 жастан асқан балаларға үйге шақырған кезде оның шақыру себебіне және баланың жағдайына байланысты алғашқы медициналықсанитариялық көмек маманы-дәрігер, орта медицина қызметкері көмек көрсетеді.

– Жеке клиникаларда жоспарлы егуді тегін алуға бола ма, ол үшін не істеу керек?

– ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес, инфекциялық ауруларға(туберкулез, гепатит, полиомиелит, көкжөтел, дифтерия және сіреспе, B типті гемофильді инфекция, пневмококкты инфекция, қызылша, қызамық және паротит (свинка) қарсы жоспарлы профилактикалық екпелербалаларға меншік нысанына қарамастан, тіркелген жеріндегі медициналық ұйымда тегін жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда вакцинация жүргізу мерзімі жасына сәйкес Ұлттық егу күнтізбесімен белгіленген.

Балаға туа біткен жүрек аномалиясы диагнозы қойылды, оған қандай көмек қажет?

Туа біткен жүрек кемістігі бар балаларға медициналық көмек диагностикалау мен емдеудің барлық кезеңдерінде тегін көрсетіледі

Балабақшаға немесе мектепке ресімдеу кезінде медициналық анықтама сатып алу керек пе?

Жоқ, сатып алудың қажеті жоқ. Балабақшаға немесе мектепке қабылдау үшін медициналық анықтаманы тіркелген жері бойынша емханадан сұратуға болады. Анықтамаға баланың физиологиялық параметрлері, бар аллергиялық реакциялар, созылмалы және бұрын болған инфекциялық аурулар, алынған екпелер, профилактикалық тексерулердің және зертханалық талдаулардың нәтижелері және т. б. енгізіледі. Бала балабақшаға түскеннен кейін картаны балабақшаның медицина қызметкері толтыруды жалғастырады.

Балаларға профилактикалық тексерулерді қаншалықты жиі өткізуі керек?

Балаларды профилактикалық тексеру жыл сайынтуғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін жүргізіледі. Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілерін, мектеп оқушыларын, орта арнаулы оқу орындарының оқушыларын және 18 жасқа дейінгі студенттерді білім беру ұйымдарындағы көшпелі бригада тексереді. Мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын балаларды тексеру емханада немесе отбасылық денсаулық орталығында жүргізіледі. Профилактикалық қарап-тексерулердің жиілігі мен кезеңділігі Қазақстан Республикасы Министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДМС-264/2020 «Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының оқушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» бұйрығымен белгіленген.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құрғақ шөпті жағуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
29 Маусым 2022
46 0
Қалалықтар қаперіне
Внимание!
29 Маусым 2022
29 0
Қалалықтар қаперіне
Внимание!!!
24 Маусым 2022
180 0
Қалалықтар қаперіне
Люди продолжают страдать от финансовых пирамид
23 Маусым 2022
354 0
Спорт
ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
22 Маусым 2022
408 0
Оқиға
Пышақ жарақатынан көз жұмды
21 Маусым 2022
474 0
Қалалықтар қаперіне
Алаяқтарға алданып қалмаңыздар!
20 Маусым 2022
591 0
Қалалықтар қаперіне
Хабарландыру!
17 Маусым 2022
379 0
Образование
Внимание!
17 Маусым 2022
397 0
Қалалықтар қаперіне
Назар аударыңыз!
17 Маусым 2022
642 0
Қалалықтар қаперіне
Хабарландыру! Объявление!
17 Маусым 2022
315 0
Медицина
ТМККК және МӘМС-ға дәрілік көмек
17 Маусым 2022
635 0
Дені сау ұлт
Для родителей!
16 Маусым 2022
437 0
Жалын
Пайғамбар жасымен құттықтады
15 Маусым 2022
713 0
Дені сау ұлт
Баланың күлкісі – қауіпсіздікте!
15 Маусым 2022
688 0
Қалалықтар қаперіне
Просим потребителей иметь необходимый запас воды !
15 Маусым 2022
691 0
Қалалықтар қаперіне
Киік мүйізін тасымалдағандар сотталды
14 Маусым 2022
734 0
Қоғам
Жасанды АҚШ долларын сатқан
14 Маусым 2022
724 0
Қалалықтар қаперіне
Есірткі сатты деген күдікпен ұсталды
13 Маусым 2022
785 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»