8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қыркүйек 2019 1537 0
Қоғам

МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

        БҚО Сырым ауданының прокуратурасы негізсіз ұсталған 216,8 мың теңгені қайтартып, мүгедектердің және олардың жеке көмекшілерінің құқықтарын қорғады.

БҚО прокуратурасының ресми өкілі Бауыржан Ахметжан мәлім еткендей, талдау нәтижесінде  «Көру мүшелері зақымданған мүгедектер қоғамдық бірлестігінің «Орал» Корпоративтік қоры 2019 жылы аудан бойынша мүгедектердің 37 жеке көмекшісінің еңбекақысынан жеке табыс салығын ұстап қалғаны анықталды.

Салық Кодексінің 319-бабы 2-тармағының 31-тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның мүгедекке қызметтер ұсыну кезінде алған материалдық пайдасы табыс ретінде қарастырылмайды.

Бұдан басқа 55 мүгедек тұлғаның көлік, жер және мүлік салықтарын төлеу фактілері анықталып отыр. Олар қолданыстағы заңнамаға сай аталған салық түрлерінен босатылған (Салық кодексінің 490-бабы 3-тармағының 6-тармақшасы, 498-бабы 3-тармағының 4-тармақшасы, 526-бабы 2-тармағының 2-тармақшасы).

Прокурорлық қадағалау актісімен мемлекеттік кірістер басқармасы 169,4 мың теңге жеке табыс салығын және 47,4 мың теңге басқа салықтарды қайтарып, 92 азаматтың құқықтары толығымен қалпына келтірілді.

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
18 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
72 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
267 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»