МӘДИ САНКТ-ПЕТЕРБУРГТЕ ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ
Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Мәди Лұқманов Нұр-Сұлтан қаласында өткен AIFC Finance Olympiad сайысында 1-орынды иеленді.
Жарыста Қазақстанның әр өңірінен қатысқан 67 жоғары сынып оқушысы экономика, қаржылық сауат, бизнес бойынша білімдерін ортаға салды. Үш кезеңнен тұратын олимпиадада қатысушылардың экономика негіздерін түсіну және саралай алуы, қаржылық сауаттылық деңгейі сыналып, бизнес-кейсті шешу туралы тапсырмалар берілді.
Олимпиадада үздік бестікке енген қатысушылар ұлттық құраманың негізін құрайды. Олар жаз айында Санкт-Петербургте өтетін экономикадан халықаралық олимпиадада еліміздің намысын қорғамақ.
– Менің ойымша, олимпиада мені жаңа қырымнан аша түсті. Алда халықаралық жарысқа дайындаламын. Олимпиадаға Мәскеуден тәуелсіз сарапшылар келді. Олардың бізге берген бағасы жоғары болды, – дейді Мәди.
Айта кетейік, Мәди – Tech Central Asia стартап конкурсының жеңімпазы. Оралдағы Зияткерлік мектеп оқушыларынан құралған команда қызмет көрсету сапасын анықтаудың автоматтандырылған жүйесін ойлап тапқан болатын. Қазір оларға арнайы белгіленген маман өнімді ұсынудың тиімді жолдары, компаниялармен қарым-қатынас, тестілеу өткізудің қыр-сырын үйретуде.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу