МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев сала ардагерлеріне құрмет көрсетіп, алғыс хат табыс етті. Сондай-ақ қала басшысы жуырда ғана халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын иеленген жазушы Мира Шүйіншәлиеваны арнайы құттықтап, ілтипатын білдірді.

– Әр ұлт өз мәдениетін құрметтемесе, ол ұлттың болашағы жоқ. Елбасымыздың алдымызға қойған басты тапсырмаларының бірі – дамыған мемлекеттердің қатарынан табылу. Дамыған мемлекеттердің қатарына ену экономикалық немесе әлеуметтік деңгейіміздің көтерілуі ғана емес, мәдениет саласын да дамытумен байланысты. Мәдениет саласы қызметкерлері мәдениет саласымен қатар ұлтаралық келісімді нығайтуға және азаматтарымыздың рухани байлығын арттыруға күш салып келеді. Әр мерекелерде халыққа қуаныш, көтеріңкі көңіл сыйлайтын мәдениет пен өнер қызметкерлері. Осы салада қажырлы еңбек етіп, шаһардың мәдениетін өркендетуге үлес қосқан жандар әрдайым құрметке лайық, – деді еркін форматтағы басқосуды ашқан шаһар басшысы Мұрат Рахметұлы.
Сонымен қатар қалалық мәслихат хатщысы Аққали Үмбетқалиев, қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Бақытжан Нұрбаев жиынға қатысушыларды мерекелерімен құттықтады.
Шараға қатысқан мәдениет үйі, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, мәдениет және демалыс саябағы мен мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты аула клубтарының ардагерлері сөз алып, өткен күннің естеліктерімен бөлісті. Шаһарымыздағы мәдениеттің деңгейін көтеруге қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Мәселен, ширек ғасыр мәдениет саласында еңбек еткен Орал қаласының Құрметті азаматы Жайсаң Ақбай іргелі кәсіпорындарда еңбек ететіндердің арасынан өнерпаздарды біріктіріп, мәдениет бөлімдерін ашуды және мәдениет саласы қызметкерлерін ынталандыру мақсатында атақтар беру қажеттігін ұсынды.
Мәдениет саласында еңбек еткендердің басым бөлігі құрметті зейнет демалысына шыққаннан кейін де өнерден қол үзбейтінін жиынға келгендер дәлелдей түсті. Солардың бірі – осыдан 30 жылдай уақыт бұрын зейнетке шыққан Клара Саржанова. Ол зейнетке шыққаннан кейін өнерлі көпбалалы аналардың басын қосып «Ару аналар» ансамблін құрған. Бүгінде 85 жасқа келген Клара ханым жаңа құрам жинақтамақ ойда. 50 жыл мәдениетте еңбек еткен саланың құрметті ардагері Феликс Баюканский де зейнетке шыққанымен «Шабыт» студиясын құрып, балаларды өнерге тәрбиелеуде.
Ұзақ жылдар облыстық тарихи-өлкетану музейіне басшылық еткен Сара Танабаева өз сөзінде тәуелсіздік алған жылдардағы мәдениет саласының деңгейі мен қазіргі жетістігін атап, әсіресе соңғы бес жылда мәдениетке ерекше қолдау жасалғанын, сала өрлеу жолында екенін атады. Ал кітапханашылық қызметте 35 жыл еңбек еткен Жібек Темірғалиева, 30 жылдық еңбек жолын кітапханаға оқырмандарды тартуға арнаған Елена Качурова сөз алып, қала басшысына мерекедегі құрметі үшін алғыстарын білдірді.
Жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиева жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, өңіріміздегі мәдениет саласының републикалық деңгейдегі жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ мәдениеттің күйремеуі үшін гүлді баптағандай, әрдайым қолдап, назар салып отырудың маңызына басымдық берді. Жазушы атап өткендей, сонда ғана кешегі Ғарифолла мен сал Мұхит, Құрманғазы мен Дина сынды дүлдүлдер салған өнер жолы жалғасып, жандана түспек.
Жиынды қала басшысы қорытындылап, жылы лебізбен сала ардагерлері мен қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады. Мерекелік шараны қалалық Жастар Мәдениет үйінің өнерпаздары әнмен әрледі.
Атап өтейік, бүгінда Орал қаласында «Жастар» мәдениет үйі, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, мәдениет және демалыс саябағы, Мәдени-ағарту бірлестігі сынды төрт мекеме бойынша 600-дей қызметкер жұмыс жасайды.


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу