8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Ақпан 2020 3117 0
Қоғам

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ: ЖАҢА КӨЗҚАРАС ЖӘНЕ ДАМУ

Оралдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен дәстүрлі IV аймақтық «Мұғалімнің кәсіби ерекшелігі: жаңа көзқарас және даму» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясында 200-дей ұстаз бас қосты.

Биылғы конференция жұмысы төрт бағытты қамтиды: «Lesson Study – мұғалімнің шеберлігін өсіру құралы ретінде», «Action Research: тұжырымдамадан тәжірибеге өту», «CLIL әдісін енгізудегі маңызды сұрақтар», «Мектептегі бағалаудың құралдары мен техникалары».

Қатысушылар қатарында М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғалымдары, Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж оқытушылары, БҚО, Атырау, Ақтөбе және Орал қалаларының мұғалімдері бар.

Білім саласының өзекті мәселелері мен маңызды тақырыптары постер-сессия, пленарлық отырыс, секциялық пікірталастар, шеберлік сағаттар мен симпозиумдарда көрініс тапты.

Конференцияда «Жазу дағдысын дамытуда графикалық органайзерлерді қолдану», «Топтық оқыту арқылы оқушының белсенділігін қалай арттыру керек?», «Элективті курстарды оқытуда бағалаудың тиімді әдістері мен құралдары», «Көрнекі және кеңістіктік ойлауды дамыту», «Тұжырымдамалық карталарды құру, сипаттау және талдау арқылы студенттердің зерттеу дағдыларын дамыту» және басқа да зерттеулердің нәтижелері талданды. және басқалары.

Педагогтар эмоционалды интеллект, тұжырымдамалық оқытуды енгізу мәселелері, кәсіби шеберлікті қалыптастыру, оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту, мұғалімнің метадағдылары, кәсіби коллаборация, білім мазмұны мен бағалау және басқа да өзекті тақырыптар  бойынша пікір алмасты.

–  Аймақтық конференция барлық педагогты толғандыратын өзекті мәселелер талқыланатын алаңға айналып келеді. Оған дәлел – зерттеу нәтижелерін көпшілікке ұсынып, тәжірибе алмасуға дайын мұғалімдер санының артуы. Бұл өз кезегінде олардың кәсіби тұрғыдан өсуіне, өзі үшін маңызды бағыттарды айқындауына мүмкіндік береді,  – деді шараның ашылуында Оралдағы НЗМ директоры Айдарбек Айтпукешев.

Постер сессиясында 20-дан астам зерттеу жұмысы көршілік назарына ұсынылды. Мұғалімдер зерттеулеріне оқушының жеке даму траекториясы, өз бетімен жұмыстану дағдыларын дамыту, оқушының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру,  жаңа технологиялар мен оқыту тәсілдері тақырыптарын арқау еткен.

–  Аймақтағы әріптестерімнің қандай зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқанының куәсі болып, тәжірибемді жаңа идеялармен толықтырдым. Өзім «CLIL технологиясы арқылы биология пәнін ағылшын тілінде оқыту» тақырыбындағы зерттеуімді таныстыруға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын, – дейді Жаңақала аудандық мектеп-гимназиясының мұғалімі Индира Темирболатова.

Атырау қаласындағы НЗМ мұғалім-модераторы  Нұргүл Койшыбаева  да конференциядан идея мен шабыт алып бара жатқанын жеткізді.

Шара соңында қатысушыларға конференция нәтижесі бойынша ұсыныстар беріліп, үздік жұмыстар марапатталды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
106 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
276 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
469 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
712 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
790 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
897 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
905 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
926 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
942 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1042 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1266 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1582 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1464 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1574 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1564 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1694 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1739 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1686 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1696 0
Қалалықтар қаперіне
Биыл елімізде әскери шеру өткізілмейді
03 Сәуір 2024
1800 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»