8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қазан 2019 2154 0
Қоғам

«ҰЛЫЛАР ШЫҚҚАН ЖЕРДЕН ҰРЫЛАР ШЫҚПАУЫ КЕРЕК!»

           Бүгін облыс әкімдігінің Нұр-Сұлтан залында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілі Арман Бердалин және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі республикалық  арнайы мониторингтік тобының мүшесі, қоғам қайраткері  Ырза Тұрсынзаданың қатысуымен облыс активі өтті.

Жиынды ашқан облыс әкімі Ғали Есқалиев: – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресуге ерекше назар аударды. Елбасы Жолдауынан туындайтын іс-шараларды ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік мекеме басшыларынан дербес жауапкершілігі бойынша құжаттар дайындалып, Парламент қарауына енгізілді. Жемқорлықтың алдын алуда қоғам өкілдерінің рөлі өте маңызды, – дей келіп, осы орайда өңірімізде ашылған «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың ашық алаңына айналғанын атап өтті.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілі Арман Бердалин арнайы мониторинг топпен елді аралап, халықпен жүздесудегі басты мақсат – өңірлердегі көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтің сапасына халықтың көңілі тола ма, сыбайлас жемқорлыққа қарсы істеліп жатқан жұмыстарға және әрбір өңірде құрылған Адалдық алаңы бойынша елдің қандай ұсыныс-пікірлері барын саралау екенін жеткізді.  – «Бәйге алмайтын тұлпардан белі жуан бесті артық, парадан жиған түйеден адалдан жиған ешкі артық–п сіздер мен біздерге ата-бабамыз үлкен өсиет насихат етіп кетті. Біздің аманатымыз – осы сөзді төкпей-шашпай келер ұрпаққа жеткізу. Агенттіктің қазіргі таңдағы басты мақсаты  – жемқорлардың қолына кісен салу, оны темір тордың арғы жағына тоғыту емес, ескерту жұмыстарын жүргізіп, алдын алу жұмыстарына көңіл бөлу. Қазіргі таңда еліміздегі барлық мектептерде, оқу орындарында осы жұмыстар қарқынды атқарылып келе жатыр. Барлық білім ұяларында «Адал ұрпақ», жоғары оқу орындарында «Саналы ұрпақ»  деп аталатын ашық алаңдар құрылып, оқушыларға «ұрлықтың түбі – қорлық», «Адалдық  –  ардың ісі» екенін барынша жеткізуге тырысудамыз. Кейбір қоғам өкілдерінен бесіктен белі шықпаған балаларға жемқорлық жайлы айтудың қажеті қанша? деген сұрақтар туындауда. Бірақ, қазіргі кезден  балалардың санасына сіңіріп тастамасақ, парталасының қаламын қалтасына салған бала ертең  қазынаның қаржысына да қымсынбай қол сұғады. Сондықтан сіздерге тек қана мемлекеттік қызметшілер ғана емес, немесе ел үшін елеңдеп жүрген азаматтар ретінде ғана емес, ұрпақ тәрбиелеп отырған ата-ана ретінде ауқымды жұмысқа, тізе қосып, бас біріктіріп, білекті түріп осы жұмысқа араласуларыңды сұрауға келіп отырмыз, – деген Арман Бердалин батыс өңірі талай шешендер мен көсемдер өмірге келген  қасиетті өлке екенін тілге тиек етіп,  Ұлылар шыққан жерден ұрылар шықпауы керегін баса айтты.

Агенттік өкілінің айтуынша, қазір бұл саланың араласпай отырған жері жоқ. Адалдық, парасаттылық деген ұғымды насихаттау парыз. Қоғаммен етене араласып жасалған жұмыстардың нәтижесі көрінуде. Еліміз жемқорлық деңгейі туралы Transparency Kazakhstan ұйымының рейтингінде180-нен аса мемлекеттің ішінде 130-ыншы орыннан 120-шы орынға тұрақтаған.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі, қоғам қайраткері  Ырза Тұрсынзада әлем бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай әрекеттер жасалса да, бұл дертке қарсы тұрар күш әлі табылмағанын жеткізді.  – Біз текті халықтың ұрпағымыз. Ең алдымен қазақты ояту үшін тарихты ояту керек шығар. Қоғамның ары, намысы әйел адамдар екенін айта келіп, әйелден намыс кетсе, қоғамнан ырыс кететінін жеткізді. Әйел бойын түзесе, намысы биік болса, жанындағы ер азаматтың да намысы биік болады. Бұрын елін, жерін, отбасын қорғаймын деп ер азаматтар аттың үстінде жүрді. Бүгінде сіздер толарсақтан су кешіп, бес қаруды арқалап, титықтап жүрсіздер ме? Қазір тыныш заман ғой. Тыныш заманда бір-бірін жеп жатқан қазақ.  Әлеуметтік желіге кірсең, бір-бірін бопсалап, қанап жатқан қазақ. Таң қаламын. Қазіргі жастың көрері болмаса, қартайғанда айтары болмайды. Ойланыңыздаршы. Арттарыңызға қалдырған зәулім-зәулім үй, мінген көліктеріңіз, тапқан малдарыңыз ұрпаққа қала ма? Құнанбай да бай болды. Бірақ артынан оның малын санап жатқан қазақ жоқ. Оның артындағы Абайды айтамыз. Мен елдің сыртынан келдім. Елдің ішіне кіріп кетсең, жан-дүниеңді қан шығармай қансыратып жатқан өзіміз. Жетім-жесірдің соңғы тіршілік жасап отырған дүниесінен бірдеңе дәмететін азаматтар бар арамызда. Еден жуатын әйелден бірдеңе дәметеміз. Айналайындар-ау, пенденің мұң-мұқтажын ештеңе дәметпей шешсең, ол жақсылығың мың есе қайтады ғой. Бүкіл өңірлерде көпбалалы әйелдер шеруге шықты. Қарап отырсам, он баласын асырай алмай шырылдап жүрген әйел қайыршы ма, әлде жұмсақ жерде солардың тағдырын шешіп отырып, олардан бірдеңе дәметкен, әкімшіліктің, құзырлы органдардың  ішіндегі  «май шелпекте» отырған сіздер қайыршысыздар ма? Үкімет сізге бар жағдайды жасап отыр. Атқамінерлер отырып алып солардың нәпақасының он, он бес пайызын, тіптен отыз пайызға дейін бопсалап отырасыздар. Арамызда сондай азаматтар бар. Маған нәзік жандар күні-түні жазады. Осы өңірге келдім, осында да жазып жатыр. Сондықтан, «Тоқтық тоздырады»  деген Абай. Мынадай мамыражай  заманда бір-бірімізді бопсалап тоздырмайық, қазақ қазақты қанамайық, – деген Ырза Тұрсынзаданың салмақты ойы жиналғандарға ой саларлық.

Жиында сондай-ақ қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Нығмет Ақ Жайық өңірінде өзге аймақтарға қарағанда жемқорлық фактілері аз екенін алға тартты. Сондай-ақ жиынға қатысушылар қоғам дертін азайтудың жолдары туралы ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
63 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
128 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
294 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
487 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
730 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
808 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
915 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
923 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
945 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
961 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1064 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1284 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1600 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1482 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1592 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1582 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1714 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1757 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1704 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1714 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»