8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Мамыр 2019 1962 0
Қоғам

ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ АБЫРОЙЫ АСҚАҚТАҒАН КҮН!

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, Орал қаласының Н.Назарбаев даңғылында мекеме-кәсіпорындар, еңбек ұжымдарының мерекелік шеруі өтті. Бірлік пен ынтымақты ту етіп, аталмыш алаңға жиналған  батысқазақстандықтарды облыс әкімі Алтай Көлгінов құттықтады.   

Мерекеге арналған концерттік бағдарлама бір шаңырақ астындағы көпұлтты еліміздің татулығы мен мызғымас бірлігін айшықтаған «Достық» композициясымен ашылып, облыс әкімі Алтай Көлгінов батысқазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

– Қасиетті Ақ Жайық өңірінің тұрғындары мемлекетіміздің мызғымастығын қамтамасыз ету жолында ұлтаралық татулықты берік ұстап келеді. Бейбітшіліктің негізін қалаған мейрам әрбір қазақстандық азаматтың бірлігі мен бауырмалдылықтың жарасымды нышанына айналды. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен елордамызда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 27 сессиясында бұл құрылымның татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі екені тағы да дәлелін көрсетті. Қазіргі таңда облысымызда тілегі мен жүрегі бір 90-нан астам ұлт пен ұлыс өкілдері еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Ассамблеяның бастауымен өткен жылы 8 мыңнан астам іс-шара өтті. Этно-мәдени бірлестік өкілдері мен өңірдегі меценаттар 250 қайырымдылық акциясының өтуіне ұйтқы болды. 1500-дей шара өтіп, 1 млрд. теңге көлеміндегі қаржыға мұқтаж жандарға көмек көрсетілді. Біздің барлық жетістіктеріміз өңір тұрғындарының бірлескен еңбегінің жемісі. Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асуына да атсалысуда.  Әр этно-мәдени бірлестік өкілі қоғамдық сананы жаңғыртуға айрықша үлес қосу үстінде. «Кең болсаң- кем болмайсың» деген даналық сөз – біздің өмірлік ұстанымымыз. Ұлтымыздың осы ұлы қасиеті бүгінгі бейбіт күніміздің кепілі. Қасиетті өлкемізді жаңа белестерге жетелейтін де, Тәуелсіздігімізді мәңгі ететін де ауызбіршілігіміз. Елбасымыз үнемі айтып жүретін осы құндылықты көздің қарашығындай сақтау – біздің мақсатымыз. Талай аласапыранды өткерген ата-бабаларымыз ғасырлар бойы бақытты ел болуға талпынды, тәуелсіздікті, теңдік пен татулықты көкседі. Біз, арманы орындалған бабалардың ұрпағымыз. Бірлігі бекем еліміздің еңсесін өсіріп, облысымыздың дамуына қосып жүрген үлестеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін, – деген Алтай Сейдірұлы бейбітшіліктің сақталуын, қойнауына құт қонып, баурайына бақ дарыған Ақ Жайық өлкесінің Ұлы дала елінің абыройын асқақтата беруін тіледі.

 

 

Бүгінде Батыс Қазақстан облысында 80-нен астам ұлт пен ұлыс бейбітшілік пен татулықта өмір сүруде. 21 мыңнан астам ұлт өкілін біріктірген 51 этно-мәдени бірлестік жұмыс жасайды. Мерекеге арналған шеруді облыс әкімі, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Алтай Көлгінов және  Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаевпен бірге этно-мәдени бірлестіктер бастады. Одан соң саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер жалғады. Облыстың мәдениет саласы да даңғыл бойымен думандатып өтті. 1993 жылы ашылып, 2017 жылы актриса, Қазақстанның халық әртісі Х.Бөкееваның есімін иеленген қазақ драма театры, биыл 160 жылдығын тойлағалы отырған Н.Островский атындағы облыстық драма театры, 170 мыңнан астам жәдігерді музей қорына жиған облыстық тарихи-өлкетану музейі, өңірдегі клубтық мекемелер мен көркемөнерпаздар ұжымдарының мәдени өмірінің шаңырағы саналатын облыстық  халық шығармашылығы орталығы мерекелік алаңнан табылды. Өнеркәсіп индустриясының флагманы – 1 дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері «Орал» Зенит» зауыты, «Конденсат» компаниялар тобы, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Стройкомбинат» ЖШС, «Гидромаш-Орион МЖБК», «КазАрмаПром» ЖШС, полиэтилен құбырларының жетекші өндірушісі «Орал сауда өнеркәсіп компаниясы», «Квант» ЖШС, еліміздегі ең ірі электр қондырғыларын өндіретін «Орал Трансформатор зауыты», шыны өңдеудегі ірі орталықтардың бірі саналатын «Стекло-Сервис» ЖШС шеру қатарынан көрінді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласы өкілдері мен құрылысшылар, энергетиктер мен көлік тасымалдаушылар, денсаулық сақтау, білім беру саласы қызметкерлері, қаржыгерлер, жетістігі мен жаңалықтары мол ҚазИИТУ ғылым-білім кешені, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті сынды жоғары оқу орындары мен арнаулы оқу орындары, спортшылар да шерулетті. Биылғы мерекенің мәні Елбасының Жарлығымен бастау алған «Жастар жылымен» үндесуінде. Өңірімізде 14 пен 29 жас аралығындағы 132 мыңнан астам жас бар. Білім, спорт, мәдениет, кәсіпкерлік бағытындағы жетістіктерімен өңіріміздің мақтанышына айналған белсенді жастар да шеруде белсенділік танытты.

 

 

 

 

Бұдан әрі өңірдегі көркемөнерпаздар ұжымдары ұлтты ұйыстырып, ұлысты ұғыстыра білген еліміздің берекелі бірлігін ән мен жырға қосып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

 

 

ТҮЙІН:  Жалпы, биылғы жылдың алғашқы мамыр күнгі мейрамы Орал қаласының Н.Назарбаев даңғылында өте тамаша өтті. Алаңға жиналған халықтың көптігінен ине шаншар жер болмады. Мамаражай мамырымыз Ақ Жайық атырабына шуағын шашып, шұғыласын төгіп тұрды. Ұйымшылдықпен әрі  бір үйдегі отбасындай болып  алаңда бас қосқан халықтың жүзінен Отан-Анамызға деген,  Қазақ еліне деген сүйіспеншілік, зор махаббат сезімі мен жарқын болашаққа деген сенім айдан анық көрніп тұрды. Осы бір күннің өзінен біздің елімізде бейбітшіліктің тұрақты, заманның шалтты, халықтың көңіл-күйінің көтеріңкі екенін аңғару қиын емес. Өңірдегі Ассамблеяның да тату-тәтті өмір сүріп жатқаны олардың мерекеге қосқан белсенділігінен анық байқалды. Арнайы бағдарламамен дайындалған концертте барша әлеуметке күмбірлеген күй мен әсем әндерін, мың бұралған билерін тарту етті. Айтулы мерекеге айрықша үлес қосқан барша Ақ Жайық еліне бұл күні көрермендер, өзге өңірден келген қонақтар шексіз риза болды.

Мира ХАМЗАҚЫЗЫ,

Эльмира НҰҒМАНОВА

Суреттерді түсірген «Жайық үні» редакциясы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
79 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
194 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
445 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
706 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
944 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
979 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1132 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1328 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1558 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1646 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1757 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1764 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1795 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1798 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1902 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2122 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»