Ұлттық ұлан күні аталып өтілді
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін мемлекетіміздің қорғанысын күшейту және шекарамызды бекіту мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы бүгінде 32 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның Ішкі әскері құрылды. Сол Ішкі әскер 2015 жылдың 10 қаңтарында Ұлттық ұлан әскері болып қайта қалыптасты. Сол кезден бастап Ұлттық ұлан жауынгерлері ел тыныштығын қамтамассыз етіп, өздеріне жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды абыроймен атқарып келеді.
Бүгін Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы өздерінің отыз екі жылдық мерей тойын кең көлемде атап өтті.
Мерекелік іс-шара әскери оркестірдің сүйемелдеуімен, Қазақстан Республикасының әнұранын шырқаумен басталды. Іс-шара барысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Бекайдар Қазкеев, лауазымдық міндеттерін абыроймен атқарған әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының және өз атынан арнайы төс белгілер мен марапаттар табыстады.
Бұдан кейін өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы Бекайдар Маратұлы сөз алып, Ұлттық ұланның құрылу тарихына көз жүгіртіп, әскердің дамуы мен дұрыс қалыптасуына үлестерін қосқан әскери қызметшілер мен ардагерлерге құрмет көрсетті.
Айта кетейік, аталмыш шараға бірлесіп іс-қимыл жасайтын құқық қорғау органдарының басшылары да қатысып, ұландықтарды кәсіби мерекелерімен құттықтап ізгі ниеттерін білдірді. Салтанатты іс-шара «Атамекен» өнер ордасының талантты жастарының концерттік бағдарламасымен өз жалғасын тапты.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру