Ұлттық банк ақшада COVID-19-дың болу ықтималдығына қатысты түсініктеме берді
Бір деректер бойынша вирус бөлме температурасында заттардың бетінде 28 күнге дейін, басқа деректер бойынша 24 сағатқа дейін сақталады.
Еуропа Орталық банкінің деректері бойынша банкноттардағы COVID-19 іздері бірнеше сағаттан кейін жоғалады. Біздің пікірімізше, банкноттардағы вирустың «өмір сүру қабілеттілігі» мәселесі дәлірек деректерді айқындау үшін одан әрі зерттеулерді қажет етеді.
Ұлттық банк әдеттегідей банкноттарды қайтадан айналысқа шығару алдында ақшаны банктік орауға орап, кемінде 14 күн сақтау орнында сақтайды. Осыдан кейін ғана біздің мамандар ақшаны сұрыптауға және санауға кіріседі. Банкноттарда вирустың «өмір сүру» ұзақтығы жөніндегі әр түрлі нұсқалардың болуы ескеріле отырып, алдын алу мақсатында қолма-қол ақша қайта санауға дейін ашылмаған күйі 45 күн бойы сақталады.Сондықтан да Ұлттық банктен айналысқа түсетін банкноттардың бетінде COVID-19-дың болу ықтималдығы шамалы, – делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктер, «Қазпочта» АҚ және инкассаторлық ұйымдар банкоматтар мен кассалық техниканы зарарсыздандыруды жүргізеді.
Біздің ұсынымдарымызға сай екінші деңгейдегі банктер, «Қазпочта» АҚ және инкассаторлық ұйымдар банкоматтар мен кассалық техниканы зарарсыздандыруды жүргізеді. Өз тарапымыздан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің ресми ұсынымдарын, сондай-ақ барлық уақытта қолданылатын гигиена ережелерін сақтау, жеке қорғану құралдарын пайдалану және басқалар сияқты орынды кеңестерді басшылыққа алуды ұсынамыз, – делінген хабарламада.
Версия для печатиBAQ.KZ
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу