ӘЛСІЗ МҰЗДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
9 қарашада Қостанай қаласында жасанды су айдынындағы мұз бетінде жүрген үш бала мұз астына құлап кетті. Бұл балалар сол мезетте құтқарылғанымен, екеуі ауруханада қайтыс болған. Үшіншісі жан сақтау бөлімінде. Осы мәселені ескерткен батысқазақстандық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары облыс тұрғындарын қыс мезгілінде су айдындарында сақ болуға шақырды.

Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында өткен баспасөз мәслихатына БҚО ТЖД бастығының орынбасары, подполковник А.Ахметжановтың төрағалығымен, сондай-ақ Департаменттің бөлімшелері басшылығы қатысты.
Ақылбек Қосманұлының айтуынша, қыс мезгілінде су айдындарында қаза болғандар көбінесе, балықшылар, қараусыз қалған балалар, сондай-ақ құтқарушылар кеңестерін елемей қатпаған, боранды және берік емес мұзға шығатын адамдар болып табылады.
– Батыс Қазақстан облысы аумағында қараша айында ауа райы мұз қалыңдығының пайда болуына ықпал етпейді. Мұз аяз түскенге дейін қатаймайды. Кешкі немесе түнгі суықта шамалы қатайған мұз өте әлсіз келеді және ағып жатқан еріген сулардан тез қызып, азғантай жүкке де төтеп бере алмайды. Ұзақ аязға дейін су айдындары мұз жамылғысында болмайды, – деді А.Ахметжанов.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жұқа мұз үстіндегі қауіпсіздік ержелерін еске салады:
- Адам үшін қауіпсіз мұз тұщы суда 10 сантиметрден кем емес және тұзды суда 15 сантиметрден кем емес қалыңдық болып саналады.
- Өзен сағалары мен ағындарда мұздың беріктігі әлсіз.
- Мұз тез ағатын жерлерде, кілт пен су ағатын жерлерде, сондай-ақ су өсімдіктері өсетін аудандарда, ағаштарға, бұталарға және қамысқа жақын жерлерде берік емес.
- Егер ауа температурасы 0 градустан жоғары болса, мұздың беріктігі 25% төмендейді.
- Мұздың беріктігін көзбен анықтауға болады: мұз көк түсті-берік, ақ түсті-оның беріктігі 2 есе аз, сұр, күңгірт-ақ немесе сарғыш реңкті мұз сенімсіз.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу