8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қазан 2019 2323 0
Мәслихат жаршысы

ЛЯНА ТҰРСЫНОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «ЖОМАРТ ЖҮРЕК – 2019» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ:

–   Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық  мақаласындағы «Туған жер» жобасында іскер азаматтарды туған өлкені түлетіп, ауыл тұрмысын жақсартуға атсалысуға шақырған болатын. Туған жеріне деген патриоттық сезімін оятқан құнды жобаның нәтижесін бүгінде ел көріп отыр. Осы жоба аясында туып-өскен ауылында ірі әлеуметтік жобаларды іске асырып, көпбалалы отбасылар мен ата-ана қарауынсыз қалған жетім балаларға көмек қолын созып, қайырымдылық жасап жүрген жандар аз емес. Мен үшін жанымдағы жандарға көмектесу – өмірдің мәні секілді. Әрине, қабілетің жете тұрып, өзгелерге қол ұшын созбау – менің жан-дүниеме сай емес. Қала басшысының осылай еңбегімізді ескеріп, марапаттауы – біздің әр ісімізге серпін берері сөзсіз. Балалар үйіндегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерге, сәбилерге қол ұшын беріп келемін. Отбасылық үлгісіндегі балалар ауылында әр кәсіпкердің өз үйі бар. Оларға мемлекет тарапынан зор қолдау болғанымен, біз қосымша ата-ана мейірімін, жылуын сыйлаймыз.  Әр мереке сайын жандарынан табылып, үйлеріне қажетті жабдықтарын әпереміз. Түрлі сыйлықтар жасап қуантамыз. «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы шеңберінде көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетудеміз. Көмекке мұқтаж жандарға  біреуге есеп беру үшін емес, шынайы көңілмен көмктескім келеді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
75 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
123 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
162 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
418 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
440 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»