8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қазан 2020 1830 0
Қалалықтар қаперіне

ӘЛИЖАНҒА ЖАНКҮЙЕР БОЛАЙЫҚ

Оралдық дарынды өнерпаз Әлижан Тұрғали республикалық «Бала дауысы» байқауы байқауына қатысуда. 


Тұрғали Алижан – 2011 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. Алижан–білімге, ізденіске құмар, мінезі ашық, жан–жақты талантты, сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз бала. Алижан №21 жалпы орта мектебінің 4 сыныбында оқиды. Орал қаласының Мектептен тыс жұмыс орталығына 4 жасынан бастап, «Қылқалам» көркем еңбек студиясы, «Ақ берен» жас ақындар мектебі, «Гүлдер» вокал студиясында, Нарымбетова Райхан Каташевнаның жетекшілігімен өтетін қалалық мерекелік шараларға үнемі белсене қатысады.
Табиғат берген талантының арқасында домбыра құлағында ойнап, табиғи даусымен ән де шырқайды, өлең де жазады. Өлеңдер топтамасы республикалық жинаққа шығып, таралымы кең «Балдырған» журналына басылды. Кішкентай сері бағын сынап, вокалдық «Бала дауысы» ән байқауына қатысты. Байқау жетістігі Республикалық сайысқа ұласып, Алматы сахнасында өзі тұстас балалармен бақ сынасу дәрежесіне жетті.

Бұл сапары да оңды болып, республикалық «Бала дауысы» байқауының соңғы мәресіне жолдама алуына себепші болды.

Біз, жерлес жанкүйерлер, Әлижанның соңғы мәреден де өтіп, жеңіс туын желбіретуіне тілектеспіз! Дауыс беру notka.kz сайтында 15-17 қазан күндері өтеді. Өнерлі бала өрге жүзсін десеңіз, қолдау көрсетейік, жанкүйерлер! Сіздердің әрбір дауысыңыз өте маңызды!

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
73 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
121 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
160 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»