8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Маусым 2020 1297 0
Өзек

«ЛИДЕР» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ӨКІЛІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

«Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті әлеуметтеік желі арқылы хабар таратып, қаржылық пирамида  құрған тұлғаға  қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 217-бабы бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Алданған азаматтың мәлімдемесі бойынша ол  WhatsApp мессенджері арқылы 10 күн ішінде «Лидер» жобасына инвестицияланған қаражатқа 100% қайтару туралы хабарлама таратқан.

Яғни шағым білідіріп отырған азамат ақпаратқа  сеніп, 55 000 теңге көлемінде қаражат салған. Алайда,   10 күн ішінде 100% көлемінде сыйақы ала алмаған. Қаражат салу шарты орындалмай, алаяқтық жолмен ол адам өтініш берушінің 55 000 теңге көлеміндегі ақшасын иемденіп алды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің  мамандары пирамиданың негізгі міндеті – жаңа қатысушыларды тарту екенін және  әдетте, пирамида негізін қалаушы едәуір қаражатты жинағаннан кейін төлеуді тоқтатып, барлық ақшамен жоқ болып кететінін ескертеді. Сондай-ақ «Лидер» қаржылық (инвестициялық) пирамидасының осындай әрекеттерінің құрбаны болғандарға +7 (7112) 53-84-27 телефоны арқылы  Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне хабарласып, шағым білдірулеріне  болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
67 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
115 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
155 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
413 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
433 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»