ӘЛЕУМЕТТІК ТЕҢ ОРТАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАРШАҒА МІНДЕТ
«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы ұйымдастырылды.
Отырыстың күн тәртібінде: «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Батыс Қазақстан облысы бойынша Жол картасының бағыттарына сәйкес инклюзивті білім беру, балаларға арналған оңалту орталықтарында 150 орынға дейінгі жағдай жасау және 2021 жылы бірыңғай онлайн порталын құру, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға «Отбасы» орталығын ашу секілді сұрақтар қарастырылды.
Кеңес барысында Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Искакова Ділдаш Салауатқызы кеңес мүшелерінің алдында баяндама жасады. Облыстық «Жол картада» көрсетілген 4 тармақтың бүгінгі таңда 2 тармағы орындалды десек те болады. Нақтырақ айтатын болсақ, ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған 150 орындық «Әлеуметтік оңалту орталығын» ашу бойынша Орал қаласының «Ақжайық» шағын ауданында 5,8 га жер көлемінде бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс басқармасы мен «Асемжобақұрылыс» ЖШС арасында келісім шарт жасалынып, орталықтың құрылысына 4,1 млрд.тг қаражат республикалық бюджеттен қарастырылған. Орталықтың аяқталуы 2023 жылға жоспарланған.
Ағымдағы жылдың 1 тамызына қарасты ақпаратты назарға алатын болсақ, облыс бойынша 1133 нысан бейімдеуге жатқызылады. 82 нысан қимыл тірек қозғалысы бұзылған жандарға, 70 нысан арбаға таңылған жандарға, 105 нысан есту қабілеті бұзылған жандарға және 20 нысан көру қабілеті бұзылған жандарға арнайы бейімделген.
Жыл басынан Батыс Қазақстан облысы әлеуметтік қызмет көрсету порталына толықтай көшірілген болатын. Қала аумағында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша «Ten Qogam» орталығы және зейнеткерлерге арналған «Белсенді ұзақ өмір» орталықтары қызметтерін жалғастырып келеді. «Отбасы» орталығының ашылғаны көп уақты өтпесе де, бүгінгі күнге дейін 691 адам келіп жолыққан. Оның ішінде 108 адамға психологтардың, 432 адамға әлеуметтік сұрақтар бойынша, 151 адамға заңгерлік көмектер көрсетhttp://zhaikuni.kz/ілген болатын.
Отырыс барысында, мүгедек жандардың күнделікті тұрмыстық қажеттіліктеріне байланысты сұрақтар талқыланып, басқарма басшылығына жолданған болатын. Кеңес мүшелері тарапынан онлайн форматында ұйымдастырылған отырысқа мүшелердің кейінгі жиналыстарға толық қатысуы және сайлауалды бағдарламада нақты көрсетілген мәселердің шешілуін қадағалау бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу