«ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР САЛУДА ЖЕР ҮНЕМДІ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ КЕРЕК»
Бұл туралы бүгін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласын оңтайландыруға арналған кеңес отырысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев мәлімдеді. Басқосуға құзырлы мекемелердің басшылары, өңірдегі ірі құрылыс компания өкілдері мен жекеменшік балабақшамен айналысатын кәсіпкерлер қатысты.
– Әр үлкен қаланың басты байлығы – оның жері екендігі белгілі. Сондықтан құрылыс жүргізгенде әр шаршы метр жерді оңтайлы пайдаланып, әсіресе халыққа қажетті емхана, мектеп, балабақша секілді әлеуметтік нысандардың қолжетімді орындарға салынуын қадағалау басқарушы органның басты міндеттерінің бірі. Елбасымыз да тұрғындарға қолайлы болуы үшін көп қабатты үйлердің төменгі қабаттарынан әлеуметтік нысандар салуды ұсынған болатын. Әр үлкен қалалардағы секілді біздің шаһарда да жеке балабақшалардың басым көпшілігі арнайы орындарда емес, қосалқы жабдықталған ғимараттарда орналасқан. Шағындалған балабақшалар үшін әдейілеп нысан салу жеке кәсіпкерлерге тиімсіз де шығар. Сондықтан бүгін өңірдегі ірі құрылыс компанияларының басшыларымен бас қосып, қаладан салынатын көп қабатты тұрғын үйлердің төменгі қабаттарынан балабақшалар немесе емханалар секілді әлеуметтік нысандарға арнап орын бөлу жайын талқылауды жөн көрдік, – деді Ғ.Есқалиев.
Бұдан соң облыс әкімінің бірінші орынбасары құрылыс компаниялармен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде келісімге келіп, салынатын көп қабатты үйлерден тұрғындарға қажетті нысандар ашудың жолдарын ұсынды.
– Қала әкімдігіне кем дегенде үш жылдың ішінде қай компания қай ауданнан көп қабатты тұрғын үй салатыны белгілі. Сол үйлердің болашақ тұрғындарына оңтайлы жағдай жасау үшін төменгі қабатта жекеменшік балабақшалар болғаны дұрыс. Сондықтан тұрғын үйдің жобалық құжаттамасы жасақталмас бұрын қала әкімдігі құрылыс компаниясы басшылығымен кездесіп, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бірінші, екінші қабатынан балабақша жоспарлауды ұсыну шарт. Сонымен қатар сол балабақшаны жабдықтап, іске қосатын кәсіпкермендекүні бұрын келіссөздер жүргізілуі қажет. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған соң әкімдік аталған компаниядан балабақшаны бірден немесе 1-2 жыл ішінде сатып алуға келісімге отыруы керек. Бұдан соң сол балабақша келісілген кәсіпкерге белгілі бір мерзімге жарнаны төлеу арқылы беріледі. Тиісінше, компания балабақшаға арналған қабаттың шаршы метрін нарықтағы бағадан төмендетіп ұсыну керек. Екінші жолы жеке балабақша ашқысы келетін кәсіпкер құрылыс компаниясымен тікелей келісімге келіп, белгілі мерзімге жалға алуларына болады. Мұндай жағдайда қала әкімдігі жеке кәсіпкерге кепіл болып, үш жақты келісім шарт жасалады. Бұл тұрғын үй салушы компанияға да өте тиімді болмақ. Себебі төменгі қабатында балабақшасы, емханасы, полиция бекеті секілді әлеуметтік орындары бар үйге қызығушылар саны да артпақ. Сол арқылы пәтерге деген сұраныс өседі. Сондықтан осы ұсынысты қабыл алатын құрылыс компания мен әлеуметтік нысан ашам дейтін кәсіпкерлерменмемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында келісімге баруға дайынбыз, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.
Сондай-ақ Ғ.Есқалиев бұл жобалардың жүзеге асуы арқылы облыс қаражатын біраз үнемдеу болатынын айтты. Оның айтуынша, тың жерден салынған балабақшаларға жер бөлу, жарық, көгілдір отын, ауыз су, жол секілді инфрақұрылымдарды тартуға қаржы шығындалмайды. Бұл жүйе құрылыс компаниясы мен жеке кәсіп иесі үшін де, ата-ана үшін де өте тиімді болмақ.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу