ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін, 25 желтоқсанда «Ақжайық – адалдық аланы» жобалық кеңсесі Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық – инновациялық даму басқармасының өкілдерімен бірлесіп Орал қаласындағы «Алтындар», «Анвар» және «Лидер» супермаркеттеріндегі әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағаларына мониторинг жүргізді.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы №288 қаулысына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері бекітілген болатын. (картоп – 122 теңге /кг, басты пияз – 117 теңге/кг, сәбіз – 121 теңге/кг). Бекітілген шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағалары (өнімнің 3 түрі бойынша) жаңа өнім қорларының жеткілікті болуына, сондай-ақ жаңа жылдық мерекелер кезінде осы өнім түрлеріне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге байланысты қысқы кезеңде баға белгілеуге оң әсер етеді.
Мониторинг барысында, «Лидер» супермаркетінде (картоп – 124 теңге /кг, басты пияз – 95 теңге/кг, сәбіз – 129 теңге/кг), «Алтындар» супермаркетінде (картоп – 103 теңге /кг, басты пияз – 93 теңге/кг, сәбіз – 128 теңге/кг), «Анвар» супермаркетінде (картоп – 163 теңге /кг, басты пияз – 99 теңге/кг, сәбіз – 156 теңге/кг) анықталды.
Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық – инновациялық даму басқармасымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар 1 желтоқсаннан бастап «Алтындар» және «Вега» сауда желілерімен «ПИК сағаты» акциясы іске қосылды. Акция шеңберінде жоғары сұрыпты ұн мен макарон өнімдері, күнбағыс майы, жұмыртқа, картоп және пияз төмендетілген бөлшек бағамен және саудалық үстемесіз сатылады.
Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу