«ӘЛЕМДІ МЕЙІРІМ ҚҰТҚАРАДЫ»
«Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле» дейді бабаларымыз. Бүгінгідей сындарлы сәтте де қиындықты тек ынтымақтың, бірліктің арқасында жеңеріміз анық. Төрт құбыласы түгел, дамудың даңғыл жолына түскен өркениетті елдердің өзі қазір емі жоқ пандемияның алдында дәрменсіздік танытып отыр. Күн емес, сәт сайын құбылып, мутацияға түскен жаңа індетке тосқауыл қою үшін барша ел қам-қарекет жасап, аурудың алдын алуға тырысуда.

Әрине, коронавирустың таралуына орай ескерту жасалып, төтенше жағдай енгізілгенде көпшіліктің бәрі жағдайға терең мән бере қоймағаны рас. Түрлі алыпқашпа әңгімелер таратып, ауруды саяси ойынның белгісі ретінде көрсеткендер де аз болған жоқ. Содан болар карантиндік талаптар тиісті деңгейде орындалмады. Азаматтар оқшауланып, сырқаттың таралуына тосқауыл қоюдың орнына маска тағуға немқұрайлы қарап, той-жиын өткізуін, жасырын басқосулар ұйымдастыруын жалғастыра берді. Қадағалау күшейтілсе де, кафелерде жасырын қыз ұзатып, келін түсіру тыйылмады. Тіпті, әкімшілік тарапынан салынған айыппұлдар да әсерін тигізе қоймады. Салғырттық сырқаттанушылар санын көбейтті.
Қазір қай өңірді, қай қаланы алсаңыз да ауру өршіп тұр. Медицина мекемелері, дәрігерлер үлкен жүктемемен жұмыс істеуде. Ауру жұқтырған адамдар күн санап өсіп жатыр. Ауруды елемей, асқындырып алғандар қаншама?! Әбден тығырыққа тірелгенде ауруханаға келген сырқаттардың өмірін сақтап қалу да оңай емес екенін түсінеміз. Мезгілсіз көз жұмып, ерте өмірмен қоштасып жатқандар қатары мол. Жақынынан, танысынан, әріптесінен көз жазып, белгісіз індетпен бетпебет келгенде ғана азаматтар жағдайдың қаншалықты қиын екенін кеш те болса ұғынғандай. Карантиндік режим енгізілгенде сырқаттың егде адамдарға, созылмалы ауруы бар адамдарға тез әсер ететіні айтылып, сақтандырылған. Ал қазір коронавирустан тек қариялар көз жұмып жатқан жоқ. Жастар да аурудың тырнағына ілінген. Бұл індеттің жасқа, жағдайға, мансап пен лауазымға қарамайтынын көрсетеді. Шындығында ауру адам таңдап жатқан жоқ. Өмір үшін күрескен, тәртіпке бағынған жандар ғана індетті жеңуге күш, қайрат тауып жатыр.
Бүгінгідей медицина дамыған, салауатты өмір салты қалыптасқан кезде адамдардың пандемиядан көз жұмуы жақсылықтың нышаны емес. Сондықтан әр мемлекет өз азаматтарын ажалдан арашалаудың, халықтың денсаулығын сақтаудың амалын жасауда. Біздің елімізде де Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың бастамасымен қайтадан карантиндік режим енгізілді. Бұл тәртіп енді тамыз айына дейін созылмақ. Азаматтар көп жиналатын орындар жабылып, той-жиын өткізуге тыйым салынды. Жұмыс мүмкіндігінше қашықтан жүргізілуде.
Дегенмен, дәл қазір індетке тегеурінді тосқауыл қою үшін азаматтардың санасын өзгерту керек. Бабаларымыз ешбір ауруды өз атымен атамаған. Мұның бәрі жамандық тарамасын деген ізгі ойдан туындаған. Мұны да қатерге алғанымыз жөн шығар. Әлеуметтік желілерде індет туралы сенімсіз, дәйексіз ақпарат таратудан бас тартқанымыз жөн. Екіншіден, адам үрейленген сайын иммунитет азаяды. Мұны дәрігерлер де растап отыр. Егер сырқатты тұсаулағымыз келсе, қаралы хабар таратып, онсыз да үрейде жүрген азаматтардың жүрегіне қорқыныш сыйламағанымыз жөн. Одан гөрі жақсы істер, жағымды жаңалықтармен көбірек бөлісейік. Қазір қаншама адам ауруға тосқауыл қою үшін өз қалтасынан ақша шығарып, ем алып жатқандарға көмек қолын созуда. Әлемді мейірім құтқаратынын ұмытпайық! Үшіншіден, бұл індет барды бағалауға, жақынымызға үнемі көңіл бөлуге үйретті. Осындай қиын кезде тек өз басыңызды күйттемей, жақындарыңыздың, туыстарыңыздың, әріптестеріңіздің жағдайын сұрап, халін білуге уақыт тапқанымыз жөн. Жалғызілікті жандардың аурудан емес, жылы сөздің жетпеуінен ауыруына жол бермейік!
Ең бастысы, Мемлекет басшысы айтқандай, бәріміз оқшаулану талабын сақтайық. Қауіпсіздікке мән берейік!
Марина САХИПОВА, Орал қалалық №2 сотының судьясы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу