ЛӘЗЗАТ РЫСБЕКОВА – БҚО-ДАН ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ ДЕПУТАТЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ
Бүгін қаладағы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы өтті. Жабық түрде дауыс беру арқылы Сенатқа кандидаттар іріктелді. Батыс Қазақстан облысы бойынша үміткерлердің ішінен қалалық мәслихат депутаты Ләззат Рысбекова 70 пайыз дауыс жинап, өңірімізден ҚР Парламенті Сенатына депутат болып сайланды.

Сенат депутатын сайлау науқаны бір айдан астам уақытқа созылды. Осы уақыт аралығында үміткерлер іріктеліп, олардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүрді. Ел бойынша 89 адам Парламенттің жоғарғы палатасына кандидат ретінде тіркелген. Ал біздің өңірімізден үш үміткердің өтініші қабылданды. Олар «Батыс су арнасы» ЖШС директорының орынбасары Ақылбек Аманғалиев, Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Ғалым Бекқалиев, «Орал гуманитарлық колледжі» ММ-ның қаржы директоры Ләззат Рысбекова.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың мәлімдеуінше, ашық , жариялы түрде өткен сайлау нәтижесінде Ләззат Рысбекова – 128 дауыс, Ақылбек Аманғалиев – 30, Ғалым Бекқалиев – 24 дауыс жинаған.
– Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы Конституциялық заңының 69-бабы, бірінші тармағына сәйкес Батыс Қазақстан облысынан ҚР Парламенті Сенатына сайланған Ерболат Мұқаевтың депутаттық өкілеттігінің мерзімі аяқталуға таяу. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жылдың 12 тамызына тағайындалған сайлауға арналған тиісті шаралар орындалды. Соған байланысты Батыс Қазақстан облыстық, Орал қалалық және барлық аудандардың депутаттары ҚР Парламенті Сенатына депутатты сайлау үшін жиналды. Сайлауға өңіріміздегі 191 депутаттың 183-і қатысты, – дейді облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу