«KZ-CERT» қызметі интернетте есірткі трафигімен күресуде
«KZ-CERT» Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі 46 интернет-ресурстардың анықталғаны және олар арқылы Қазақстан Республикасының барлық аумағында ЕСІРТКІ өнімдері сатылған туралы хабарлайды.

Қазақстандық интернет сегментін талдау барысында Қазақстан Республикасының аумағында есірткі заттарын таратқан 46 интернет-ресурс анықталды. Сату Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Петропавл сынды ірі қалаларда және оларға жақын өңірлерде жүзеге асырылған. Мысалы, косметикалық заттарды сататын интернет-дүкендердің бірін де ЕСІРТКІ сатқан. Сонымен қатар, Telegram мессенджерінде жабық топтар анықталды, оған қосылу тек генерацияланған сілтеме бойынша жүзеге асырылады. «KZ-CERT» және құзыретті органдардың бірлескен жұмысының арқасында интернет-ресурстар бүгінгі күні қолжетімсіз болып отыр.
«KZ-CERT» осындай инциденттерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізетін болады. Аалайда, есірткі сатушылар сату құралдарын таңдауда түрлі әдістерге баратынын, сондай-ақ өз қызметтерін жүзеге асыратын жаңа беттерді жасау, ауыстыру тәуекелдері бар екенін назарға алуымыз керек. Сондықтан аталған қызмет балалардың, туған-туыстарымыздың және жақындарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ерекше қырағылық танытып, бірлесе жұмыстануға шақырады. Ннтернет-ресурстардың осындай түрі анықталған жағдайда 1400 нөмірі бойынша немесе @kzcert телеграмм тобына хабарлауға болады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу