«КВАНТТА» ЖАҢА ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Оралдағы жұмсақ және корпустық жиһаздарды дайындайтын «Квант» ЖШС жақын күндері тағы бір цехты іске қоспақ. Күн санап тапсырысқа орай өндіріс көлемін ұлғайтып отырған компания үшін бұл цехтың өнім қуаттылығын арттыруда маңызы ерек. Қазіргі уақытта цех құрылысы аяқталған. Енді Италиядан құрылғылар әкелініп, оларды орнату, іске қосу жұмыстары атқарылуы тиіс. Бұл цехта 100 шақты адамға жұмыс табылмақ. Қала әкімі Абат Шыныбеков фабриканың базасында болып, жаңа нысанның әске қосылуы және фабриканың алдағы уақыттағы жоспарларымен танысты.

10 368 шаршы метрлік цехтың құрылысына 2000 млн. теңге қаржы жұмсалыпты. Мұнда жылына 22 мыңдай – корпустық жұмсақ жиһаз, үстел мен орындық, матрастар дайындалады деп күтілуде.
– Бізде төрт өндіріс бар – корпустық жиһаз, жұмсақ жиһаз, матрастар дайындалады және үстел мен орындықтар боялады. Үстел мен орындықтар Ресейде жасалады. Себебі ол жақта орман бар. Ресейде станоктарымыз тұр. Сол жақтан бізге өңдеп береді. Бояу осында жүргізіледі. Бояушылар қазір тарлық етсе же, жиһаз дайындалатын цехта сыйысуға мәжбүр боп отыр. Тапсырыс өте көп. Енді оларды жаңа цехқа көшірмекпіз, – дейді компания директоры Михаил Пшеничный.
Корпустық жиһаз цехының басшысы Марина Другокова атап өткендей, цехта жұмыс тоқтамайды. Құрылғылар автоматты режимде жұмыс жасайды. Десе де қолдың күші қажет. Қазір бұл цехта үш ауысыммен 145 адам қызмет атқаруда. Тапсырыс қалай түссе, жұмыс көлемі соған сәйкес болады. Әрқашан жұмыс бар. Жұмыс тұрақты, жалақы да тұрақты. Қызметкерлерді тасымалдау үшін арнаулы көлік те шығарылған.
– 15 жылдан бері осы фабрикада жұмыс жасаймын. Менің атқаратын қызметім – жаңа үлгілер бойынша тәжірибе жасау. Біз дайындаған үлгілер аз емес. Сұраныс жоғары. Осы бағыттағы жұмыс бойынша ресейліктер бұдан да жоғары жалақы ұсынып, шақырған болатын. Жасап отырған жұмысымның аурасы өзіме ұнайды. Сол себепті бас тарттым, – дейді тәжірибелік цехтың шебері Нұрлан Саққазов.
Бүгінде «Квант» компаниялар тобы 1200-дей адамға жұмыс орнын ұсынып отырған ірі серіктестік екенін атап өту керек. Компания тобының қаржы директоры Дмитрий Пшеничныйдың айтуынша, пандемия кезінде бір де бір азамат жұмыстан қысқартылмаған.
Жаңа цех іске қосылған соң, аумақта тағы бір нысанның құрылысы басталмақ. Бұл «ақылды қойма» болады. Цехтардан дайындалып шыққан өнімдер компьютерге енгізіліп, штрих-кодтары бойынша автоматты түрде осы қоймадағы сөрелерге қойылады.
– Қазір дайындалған өнімдерді қаланың әр шетіндегі үш қоймадан тиеп жүрміз. Оған қоса тапсырысты қоймадан іздеу жұмысы, оның дұрыс салынғанын бірнеше мәрте тексеру тағы бар. Осылай уақытты көбірек жоғалтып отырмыз. Яғни күніге төрт көліктен артық тиеуге үлгере алмаймыз. Цифрлық жүйедегі қойманы салып, іске қоссақ, біз жұмысты жеделдетуге мүмкіндік алар едік. «Ақылды қоймада» тапсырысқа байланысты өнімді көлікке тиеу кезінде штрих-кодтары сканерленіп жүкқұжатқа сәйкестігі тескерілетін болады, – дейді Дмитрий Пшеничный.
«Квант» дайындайтын жиһаздар үшін шикізат Ресей мен Қытайдан жеткізіледі. Дайындалған өнімдер негізінен ел нарығына бағытталған. Сонымен қатар компания Қырғызстан, Армения елдерімен жемісті жұмыс жасауда.

Айта кетейік, облыс орталығында 2020-2024 жылдар аралығында 72 инвестициялық жоба iске асырылады. Оның iшiнде 20-сы биыл iске қосылмақ.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу