8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Қыркүйек 2021 1087 0
Қоғам

КРУГЛООЗЕРНЫЙ КЕНТІНДЕ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

15 қыркүйекте Круглоозерный кентінде балабақша үшін жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Бұл нысанға кенттегі №23 бөбекжай көшіріліп, балаларды көбірек қабылдауға мүмкіндік жасалды.

№23 бөбекжай бұған дейін мектеп ғимаратында орналасқан болатын. Кентте мектепке дейінгі жастағы 200-дей бала болса, соның 50-ін ғана қамтуға мүмкіндік болды. Ал жаңа ғимаратқа көшірілуімен қосымша топтар ашылып, орын саны көбейтіліп отыр. Қала әкімі Абат Шыныбеков қаланың құрамдас бөлігі  саналатын Круглоозерный кентінің даму көкжиегі кең екенін, болашақта тұрғындары да көбейе түсетінін атап, осы ретте мектепке дейінгі ұйымдар мәселесін шешудің маңыздылығын жеткізді. Сондықтан жеке инвесторларды тартуда жұмыстар жүргізілуі қажет.

–Мемлекет басшысы мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамтуды 100 пайызға жеткізу жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Осы орайда қаламызда балабақшаларды ашу үрдісі жақсы қарқын алып келеді. Балабақшаның типтік үлгідегі, мектепке дейінгі білім мен тәрбие  беруге  бейімделген ғимаратта орналасуы  маңызды. Сондықтан облыстық бюжеттен тиісті қаражат бөлініп, кенттегі ғимаратты жаңғыртудан өткізу арқылы бүлдіршіндеріміздің қолайлы ортада тәрбие алуларына мүмкіндік жасалды. «Берсең балаға бер, болашағы оның зор» дегендей, міне, Круглоозерный кентінде көптен күткен заманауи балабақша ашылып отыр.  Екіншіден балаларды қамту көлемі ұлғайды. Қазіргі уақытта Круглоозерный кенті даму жолында. Көпқабатты үйлер салынып, қоныстанушылар көбейді. Жыл соңына дейін жаңа жер телімдері пайдалануға беріле бастайды.  Халық санының  өсуі кентте кәсіпкерлік нысандарының, өндіріс орындарының артуына  ықпал етеді деген сенімдемін,  – деді  Абат Абайұлы.

Жаңа нысанды жаңғырту жұмыстарын «Қамқор  Құрылыс» ЖШС жүргізген. Жаңа үлгідегі жиһаздармен жабдықталып, заманауи үлгіде  безендірілген. Балаларды дамыту  құралдары толықтай қамтамасыз етілген. Мұнда 4 топ жұмыс жасап, әр топқа 25  баладан қабылданады. Аулада әр топ үшін ойын алаңдары дайындалып, абаттандырылған. Балабақшаның пайдалануға берілуімен жаңа жұмыс орындары да ашылып отыр.

Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханованың айтуынша, қазіргі уақытта шаһардағы 16 мыңдай бүлдіршін мектепке дейінгі ұйымда тәрбие алады. Оның ішінде 3-6  жастағы балалар 100 пайыз, 1-6  жастағыларды қамту 75,5 пайыз деңгейінде. Мемлекет басшысы қойған балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту көрсеткішін арттыруда жеке  балабақшалардың ашылуы оң септігін тигізіп отырғанын атап өту керек. Қазіргі уақытта қаламызда  50  мемлекеттік балабақша болса, 84 жеке балабақша мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасауда.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
117 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
453 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
546 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
787 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1055 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1283 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1321 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1471 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1669 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1898 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1984 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2096 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2101 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2136 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2134 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2240 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»