КРУГЛООЗЕРНЫЙ КЕНТІ ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ АРТАДЫ
Круглоозерный мен Серебряков ауылдарының болашағы жарқын. Ауылда құрылыс жұмыстары қарқынды. Кент әкімінің халыққа есеп беру кездесуіне қатысқан Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев Круглоозерныйда бұрын-соңды мұндай құрылыс жұмыстары жүргізілмегенін ерекше атап өтті.

Елбасы «Бес әлеуметтік бастамасын» ұсынды. Оның бірі – қолжетімді, сапалы тұрғын үй құрылысы. Орал қаласында 26 тұрғын үй салынуда. Қала іргесіндегі Круглоозерный кентінде ұзақ жылдардан бері бюджет саласы қызметкерлері үшін баспана басты мәселеге айналған еді. Биылғы жылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша үш қабатты 48 пәтерлі тұрғын үй құрылысы басталуда.
– Елбасының саясаты және қолдауы арқасында баспана алу – қолжетімді болды. Пәтер алатындар 20 пайыздық алғашқы жарнасын жинаса ғана жеткілікті. 25 жылға дейінгі жеңілдікпен үй алуға болады. Осындай тиімділігі мол бағдарлама жеке кәсіпкерлердің бастамасымен Круглоозерныйда да қолға алынды. Сәйкесінше, осы кенттік округтегі мұғалімдер мен медицина саласы қызметкерлері баспанаға қол жеткізеді. Бұл өте тиімді бағдарлама, – деді Мұрат Рахметұлы.
Бүгінде 20 шақты круглоозерныйлық бағдарламаға қатысуға ниет білдірген.

Тұрғын үй салу үшін жер кезегінде тұрған азаматтарға Орал қаласының Бас жоспарына сәйкес Круглоозерный кенті аумағынан 1 140 жер учаскесі берілмек. Қала әкімінің сөзінше, қазір учаскелердің жобалық-сметалық құжаттары сараптамада жатыр.
– Бүгінде Круглоозерный кенті халқының саны 6000-нан артық. Жақын болашақта халық саны екі есеге дейін артуы ықтимал. Сондықтан жеке кәсіпкерлер құрылысын бастаған балабақшалар дер кезінде қолға алынып отыр деп санаймын. Оған қоса орта білім беру ұясының да қажеттілігі болады. Бұл қаланың Бас жоспарына түзетулер енгізу кезінде ескерілетін болады, – деп толықтырды қала басшысы.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жергілікті атқарушы органдар мен «КПО б.в.» компаниясы арасындағы өзара іс-қимыл пысықталды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім

Кіру
Пікір үстеу