КОРОНОВИРУС ҚАУПІ БАР ЕЛДЕРДЕН КЕЛГЕН 75 АДАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Қытай Халық Республикасында және шетелдерде короновирус жұқпасының өршуіне байланысты елімізде короновирус жұқпасының таралуын алдын шараларын күшейту қолға алынды. 25 ақпанда ҚР бас санитары қол қойған «ҚР короновирус инфекциясын алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы» қаулысы 1 наурыздан бастап күшіне енбек.

Қаулыда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы аумағына келетін азаматтар үш санат бойынша бөлініп, тексеру-қадағалау шаралары жүргізіледі.
БҚО тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, Қытай Халық Республикасынан келген азаматтар үшін бірінші санатты медициналық бақылау шаралары жүзеге асырылады. Атап айтқанда, бұл азаматтар жергілікті атқарушы орган бекіткен орын-жайларға карантиндік 14 күнге орналастырылып, медициналық бақылауда болады. Одан кейін медициналық қызметкерлер 10 күн бойы телефон арқылы байланысып, хал-жағдайын қадағалайды. Сондай-ақ Тайвань, Ганконг, Макао, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея сынды аталған вирустық жұқпаға қолайсыз елдерден келгендер де бірінші санатқа енгізілп отыр. Бұл азаматтар біздің елдің аумағына келген күннен бастап үйде оқшауланып, 14 күн ішінде күн сайынғы медициналық қызметкерлердің қадағалауында болады және одан кейінгі 10 күн бойы күнделікті телефон арқылы хабар алынып отырады.
– Бұл азаматтар көпшілік орындарға бармауы, қоғамдық көліктерді қолданбауы керек. Үйде жеке бас гигиенасын сақтап отырғандары дұрыс. Егер жедел респираторлық вирустың белгілері байқалса, дереу дәрігер шақыртуы керек. Өйткені короновирустық жұқпа мен жедел респиарторлық вирустық жұқпаның симптомдары бірдей басталады, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.
Короновирус жұқпасына қолайсыз елдерден келген екінші санаттағыларды медициналық қызметкер тұрғылықты мекенжайы бойынша 14 күн ішінде үйіне барып және одан кейінгі 10 күн бойы телефон арқылы қадағалау жүргізеді. Үшінші санаттағыларды медициналық қадағалау ҚР аумағына келген күннен бастап 24 күн бойы телефон арқылы жүргізіледі.
Дәл бүгінге дейін ҚХР-дан 132 азамат келген. Оларды бақылау аяқталды. Ешқайсысынан короновирус инфекциясы анықталмаған. Қазіргі уақытта короновирус жұқпасына қолайсыз елдерден келген 75 адам бақылауда.
Орал қалалық тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары халықаралық әуе рейстері арқылы «Орал» әуежайына келген азаматтардың қызуын өлшеуіш құрылғымен тексеріп, сауалнама жүргізіп және профилактикалық шараларды сақтау жөнінде ескерту парақтарын ұсынуда. Ресей Федерациясымен шекарада шекара қызметі барлық азаматтарға бақылау жүргізуде. Соның ішінде ҚХР, короновирус бойынша қолайсыз елдерден келген азаматтар бақылауға алынып, ол азаматтар туралы ақпараттар медициналық бақылау жүргізу үшін департаментке беріледі. Сондай-ақ Нұрлыбек Мұстаев бұған дейін әлеуметтік желілер арқылы таралған «Қарашығанаққа чартерлік рейспен келген италияндық жұмысшылардың карантиндік шараларсыз қазақстандықтармен арлаласып жүргені» туралы ақпараттың жалған екенін мәлім етті.
– Әуежайымызға екі халықаралық әуе рейстері қонады. Олар – Франкфурт-Орал-Нұр-Сұлтан және Мәскеу-Орал әуе рейстері. Сондай-ақ Орынбор, Саратов, Самара облыстарымен шектесетін шекаралық бекеттерден өткендердің мәліметтері тексеріліп, егер олар жуырда короновирус жұқпасына қолайсыз елдерде болған болса, жергілікті департаменттерге аты-жөндері беріледі. Әлеуметтік желілерде «бір чартерлік рейспен Италия азаматтары келді» деген хабарлама растауға жатпайды. Әуежай арқылы облыс аумағына келгендердің барлығы бақылауымызда тұр. Медициналық қызметкерлер күнделікті мәлімет беріп отыр. Бүгінгі күні короновирус жұқпасымен есепке алынғандар жоқ. Дегенмен, облыс тұрғындарын профилактикалық шараларды сақтауға шақырамыз. Ол үшін біріншіден, әр адам күніне екі мәрте дене қызуын өлшеу керек. Екіншіден, орын-жайды екі рет желдетіп, дымқыл тазалық жүргізу қажет. Дене қызуы көтерілу, жөтел сынды белгілер байқалса, жедел жәрдем шақырған жөн,– деді департамент басшысының орынбасары Нұрлыбек Ермекұлы.
Короновирус жұқпасына қатысты эпидемиологиялық жағдай туралы ақпармен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан оқып танысуға және 1406 Call-орталығына хабарласу арқылы білуге болады.
Эльмира НҰҒМАНОВА
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу