КОРОНАВИРУСПЕН ТҮСКЕН 25 НАУҚАС РЕАНИМАЦИЯДА ЖАТЫР
Бүгін, 15 қаңтар күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков коронавирус инфекциясы бойынша ем алушылардың жағдайы туралы айтып берді.

Қазіргі уақытта өңірдегі 185 төсек орынға арналған төрт карантиндік стационарда 28 науқас жатыр. Стационарлар толымдылығы 15,1 пайызды құрайды. 534 төсек-орындық жеті инфекциялық стационарда 260 адам емделуде. Ауруханалар толымдылығы 48,6 пайызды құрайды. Инфекциялық стационарлардағы 60 реанимациялық төсек-орында 25 науқас емделуде. Төсек-орын толымдылығы 41,6 пайызды құрайды.
– Жас құрылымына сәйкес, қарқынды реанимация төсектеріндегі науқастардың бесеуі – 40-60 жас аралығындағылар, 11-і – 60-80 жас аралығындағы, тоғызы – 80 жастан асқандар. Олардың ішінде 23 науқаста ілеспелі созылмалы аурулар бар. Олардың 19-да жүрек-қан тамырлары аурулары, 2 науқаста қант диабеті, 1 науқаста созылмалы пиелонефрит, 1 науқаста өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар, – деді Арман Қалибеков.
Бүгінгі күні инвазивті өкпені жасанды желдету аппаратына 1науқас, инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына 8 науқас, оттегі концентраторына 12 науқас, орталықтандырылған оттегі көзіне 59 науқас қосылған.
Қосымша 2028 төсек-орындық резервтік қор дайындалды. Олардың 1253 төсек-орыны инфекциялық стационарларда, 775 төсек-орыны карантиндік стационарларда.
Әрбір емханада COVID-19 және пневмония симптомдары бар пациенттерді, созылмалы аурулары бар пациенттерді, сондай-ақ көрсеткіштер бойынша жүкті әйелдер мен балаларды үйде бақылау үшін 123 мобильді бригада жұмыс жасауда. Мобильді бригада тәулігіне орта шамамен 280 шақыруға барады, оның ішінде 70 шақтысы COVID-19 бойынша түсіп отыр.
Ағымдағы жылдың 8 қаңтарында жаңа модульдік аурухана өз жұмысын бастады. Аурухана 200 төсек-орынға жасақталған, оның ішінде 20 төсек-орын реанимациялық және 20 төсек-орын интенсивті терапия палаталарында. Жаңа арухана толығымен жоғарғы деңгейлі заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ауруханада компьютерлік томография, стационарлық және цифрлық рентген аппараттары, ультрадыбыстық зерттеу аппараттары, өкпені жасанды желдету аппараттары және жеке зертхана бар. Әр төсек орны 5 перфузормен және оттегімен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 15 қаңтарындағы жағдай бойынша бүгінгі күнге дейін барлығы 9 793 адам індетті жұқтырғаны анықталды. Бүгінгі күні инфекция жұқтырғандардың 86,5 пайызы, яғни 8 473 адам сауығып шықты. Оның ішінде 3 916 адам стационарлық деңгейде, 4 557 адам амбулаториялық деңгейде ем алды. Өкінішке орай, 175 адам коронавирустық инфекциядан көз жұмды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу