КОРОНАВИРУС. ШЕКАРАДА БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Коронавирус індетінің таралуын алдын алу мақсатында ел аумағында енгізілген төтенше жағдайға байланысты шекарадан өткендер жіті тексерілуде. Елдің батыс қақпасы саналатын облысымыздың Ресей Федерациясымен шектесетін бес шекаралық бақылау пунктінде санитарлық-карантиндік пункт құрылып, елімізге кірушілерді тексеру шаралары күшейтілді. Бүгін БҚО әкімі Ғали Есқалиев «Сырым» өткізу бекетіндегі сақтық шаралары мен қауіпсіздік талаптарының қадағалану жұмыстарымен танысты.

«Сырым» өткізу-бақылау пункті арқылы күніге 1000-ға жуық жүк көлігі Ресей Федереациясынан Қазақстан аймағына өтеді. Алдымен шекарашылар жүргізуші-жолаушыларды қай елден келе жатқанын анықтайды. Коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз елдерде болған азаматтар санитар-эпидемиологтардың тексеруіне жолданады. Бүгін эпидемиологтар коронавирус қаупі бойынша 1 санаттың «А» және «Б» санатына жататын елдерде болған 20-ға жуық азаматтың қызуын өлшеп, тиісті сауалнаманы толтыртты.
Пунктте уақытша оқшаулау бөлмесі де жасақталған. Егер тексерілген азаматтан аурудың қандай-да белгілері байқалса, шақыртылған жедел жәрдем қызметі келгенше осы орын-жайға жайғастырылады.
– 13 наурыздан бастап шекарада тексеру жұмыстары күшейтілді. Өңірімізде бес бақылау-өткізу пунтінде карантиндік пункт ашылды. Коронавирус инфекциясын аумаққа кіргізбеу мақсатында эпидемиологтар тәулік бойы жұмыс жасауда, – деді БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев.
Айта кетейік, қазіргі уақытта облысымызда коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз елдерден келген 104 азамат бақылауға алынған. Олардың 16-сы 1 «А» санаты бойынша карантинге жатқызылған. 1 «Б» санатында – 24, 2 санат бойынша – 63 адам дәрігерлердің бақылауында.
Эльмира НҰҒМАНОВА




Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу