8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Сәуір 2020 1688 0
Өзек

КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕСЕЙДЕН КЕЛГЕН

Бүгін Батыс Қазақстан облысында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған бір науқас тіркелді. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының хабарлауынша, ол Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын 37 жастағы Батыс Қазақстан облысы тұрғыны.

Ресей Федерациясының Саратов облысымен шекарадағы «Тасқала» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде, азаматтан жөтелу, тұмаурату белгілерін анықтаған. Азамат іс-әрекет алгоритміне сай оқшауланып, жедел жәрдем көлігі шақырылды. Барлық эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, ол провизорлық стационарға жеткізіліп, коронавирус жұқпасына талдау жасалған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланған. Қазіргі уақытта науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жеке боксқа орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, «Ұлттық сараптама орталығы» БҚО бойынша филиалы дезинфекция орталығы мамандарымен дезинфекциялық жұмыстар жүргізілген.

11.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекциясына шалдыққан барлығы 7 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ем алуда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
58 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»