КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ ҚАБЫЛДАҒАНДАР ҰТЫС ОЙЫНЫНА ҚАТЫСА АЛАДЫ
БҚО-да коронавирусқа қарсы екпе қабылдағандар арасында енді ұтыс ойындары ұйымдастырылады. Тамыз айының соңында вакцина алғандар арасында жеңіл автокөлік пен ай сайын ұялы телефондар ұтысқа тігіледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы кеше, 29 маусым күні өткен коронавирусқа қарсы жеделштаб отырысында айтылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а Арман Қалибековтың мәліметінше, өңірде күніне көп дегенде екі мыңға жуық адам ғана вакцина қабылдайды. Халықтың 60 пайызы ауруға қарсы препаратты алғанда ғана жалпыхалықтық иммундық жүйе қалыптасады. Қазір облыстағы барлық екпе кабинеттері толықтай препаратпен қамтамасыз етілген. Ерік өзіңізде, бұған дейін айтылғандай, вакцинаның үш түрі бар. Қажет жағдайда емхана қызметкерлері мекемелерге барып вакцина салады. Ол үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті облыстың бас дәрігері.
– Аурудан айығудың тиімді тәсілі тек жаппай вакцинациялау. Сол себепті ұтыс ойындарын жариялап отырмыз. Яғни, вакцина алған тұлғалар Stopcovid.kz сайтына тіркеліп, жеңімпаз атануға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар бірнеше ұялы телефон да ұтысқа тігіліп отыр. Тамыз айының соңында жергілікті телеарнада тікелей эфирде жеңімпаздар анықталады, – деді Арман Талғатұлы.
Аймақ өткен аптадан, ал еліміз дүйсенбіден бері ауру таралу көрсеткіші бойынша «қызыл» аймақтар тізімінде. Соңғы мәліметтерге сүйенер болсақ, вирустың үнді штамы елімізде тіркелді. Аурудың бұл түрі шетелден келген азаматтар арқылы келді деген болжам бар. Өңірдегі ауруханалар толымдылығы 80 пайызды құраса, өлім жағдайы да аз емес.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу